Маунтибайктан Азия чемпионы Алина Сарқұлова өз таңдауын жасады

Таң сәріден басталған сайлауға Сарқандық Алина Сарқұловада №349 сайлау участкесіне барып, науқанан тысқары қалмай дауысын берді.

Алина Сарқұлова Азия чемпионы бұдан бөлек, Түркияда өткен маунтинбайк жарысында бірден екі алтын жеңіп алған ең алғашқы қазақстандық спортшы.

«Еліміздің өсіп-өркендеп дамығанын қалаймын. Сондықтан ел ертеңіне бей-жай қарамай, кемелдену жолында аянбай еңбек етуге дайын азаматтарды қолдау үшін сайлауға келдім. Таңдау жасадым. Бүгінгі сайлаудың барлығымыз үшін өте маңызды. Барша аудан жастарын саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырамыз»,— деді чемпион.