103 жастағы әже дауыс берді

103 жастағы әже дауыс берді Қабанбаева Нұрбала өзінің қартайған шағында да белсенді бола отырып, үйде дауыс беруді ұйымдастыруды өтінді.

Өз кезегінде үйіне келіп, таңдау жасауға көмек көрсеткен комиссия мүшелеріне зейнеткер алғысын білдіріп, ақ батасын берді. Қарабұлақ ауылында тұратын 103 жастағы Нұрбала ана 5 құрсақ көтерген, сондай-ақ 8 немере, 3 шөбересі бар. Саналы ғұмырындағы барлық саяси науқанға белсенді қатысып келе жатқанын айтады.

«Мен елдің гүлденген болашағы үшін дауыс беремін. Осындай бейбіт күнді халқымыз көп ансады. Сол ортақ тәуелсіздікті бағалауымыз керек. Ұрпақтарым аман болсын! Артымыздағы жастар аман болсын, өсе берсін! Қазағымыздың санын көбейте берсін! Ауданымыз көркейе берсін!», деген ізгі тілегін білдірді.