Атаулы әлеуметтік көмек жүзеге асырулуда

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы  20 мамырдағы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның 84-қадамына сәйкес, 2018 жылдан бастап жаңа  форматтағы  атаулы  әлеуметтік  көмек жүзеге асырылуда.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек табысы ең  төмен күнкөріс деңгейінің 50%-нан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады.

Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға(мүмкіндіктері шектеулі адамдардың немесе егде жастағы зейнеткерлердің отбасылары)немесе еңбекке қабілетті мүшелері обьективті себептерге байланысты жұмыспен қамту шараларына қатыса алмайтын отбасыларға көрсетілетін болады.Мұндай отбасыларға жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамту орталығының шараларына қатысу міндетті емес.

Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті кем дегенде бір мүшесі бар аз қамтылған отбасыларға ұсынылады,бұл орайда қойылатын шарт жұмыспен қамтудың белсенді шараларына олардың міндетті түрде қатысады.Тұрақты жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындары,  кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шенберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар, жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуға  жіберіледі.

К.Кудьяров,

Халықты жұмыспен

қамту орталығының  директоры