Ескелді ауданының радиациялық-химиялық қорғау қызметінің жаттығуы

Химиялық, радиациялық және бологиялық қауіптердің әсеріне байланысты төтенше жағдайларға тұрақты дайындықты қолдау мақсатында Департамент 2023ж. 10 наурызда Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен Ескелді ауданының радиациялық-химиялық қорғау (бұдан әрі — РХҚ) қызметінің жеке құрамының тәжірибелік жаттығуларын өткізді. (фотосуреттер қоса беріледі)


Жаттығу барысында жеке қорғаныс құралдарын пайдалану алгоритмдерін көрнекі түрде көрсете отырып, ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық жұмыс көрсетілді. Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша Ескелді ауданының РХҚ қызметінің жеке құрамының іс-әрекеттері өте жақсы бағаланды.