ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰҒЫРЫМЫЗДЫҢ БАСТАУЫ

Өткен жылы қазақ елінің егемендігі сыналып, тәуелсіздік тағдыры сыңға түскен қайғылы жағдай бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Мемлекет басшысы қабылдаған батыл саяси шешімдер арқасында ғана ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алдық. Қабылдаған шешімдер тарихи маңызы да, мемлекеттілігіміз үшін мәні де ерекше зор болды.
Мемлекет басшысы ұлттық экономиканы қайта құруға бағытталған міндеттер қойып, үкіметке нақты тапсырмалар берді.
Әсіресе атап айтар болсақ, мынадай өзекті мәселелер барша халықтың көкейінде жүрген болатын:

  • еркін бәсекелестікке жол ашу, кәсіпкерлікке тұсау болып отырған қағазбастылық пен жемқорлықты жою, отандық бизнеске қолдау көрсету;
  • мемлекеттік сатып алу саласын реттеу, бюджеттік қаржы-қаражатты талан-таражға салуды тоқтату;
  • ауыл шаруашылығын қайта құру, еңбек өнімділігін арттыру;
  • негізсіз салынатын салықтар мен қайда кетіп жатқаны түсініксіз төлемдерді жою
  • халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, ішкі стихиялық көші-қонды реттеу т.б. өзекті мәселелерді көтерді.
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қабылдаған шешімдері, мемлекеттік билікке берген тапсырмаларының іс жүзінде шынайы орындалуы еліміздің жандануына, орын алған олқылықтарды еңсеруге, жаңаша дамуға жол ашары сөзсіз.

Д.Карипова «Ескелді ауданының әйелдерді қолдау орталығы»
қоғамдық бірлестігінің төрайымы