Қазақстанның ертеңгі болашағы біздер

Жас буын-патриоттық рухтың негізгі қозғаушы күші. Өскелең ұрпақ өзге елдің озық тәжірибесін үйренсе, әлемдік бәсекеге қабілетін арттырады. Біздің жастарымыз Қазақ елін бүкіл дүние жүзіне танытатын жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға талпынуы керек. Сонда ғана отаншыл, ұлтжанды ұрпақты жаңа геосаясат, геоэкономика жағдайына бейімдейміз.

Қ. Тоқаев

Иә, қазақ халқы ежелгі дәуірден бері дана, ойшыл, ақылгөй болған. Қанша билер, ақындар, жазушылар қоғам қайраткерлері тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып, елдің түрлі мәселелерін шешкені мәлім. Осындай асқар тау әкелерден нартұлғалы мысымен басатын, сөзі мен мінезі салмақты, қазақтың алып тұлғаларынан туған ұрпақ бүгінде жаңа Қазақстанның біртұтас ел болуы-на өз үлестерін қосып келеді. Дамыған елдің қатарына қосылуымыздың бастауы осы ұрақ жалғастығынан. Кез келген ел өзінің келешегін саналы, білімді, тәрбиелі ұрпағымен байланыс-тырады.

«Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай білім алу  ордасы мектеп болса, асыл қазынаның ордасы кітапхана.

Осыған орай,Балпық би атындағы орта мектептің бастауыш сынып оқушылары арасында  Көкжазық ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырумен  «Қазақстанның ертеңгі болашағы біздер» атты тәрбие  сағаты өтті.

Аталған шараның мақсаты-ел ертеңін яғни тәуелсіздіктің туын биік ұстап, тамырын тереңге жаю, қазақ елін іргелі мемлекетке айналдыру жастардың қолында екенін насихаттау.

Айжан НҮСІП,

Көкжазық ауылдық кітапханасының кітапханашысы