Балалар ойын алаңдарына қойылатын талаптар

Көптен күткен Көктем келді, күндер ұзарып, жылынып барады.

Қаламыздың әр ауласында, ойын алаңдарында орнатылған карусельдерге, балалар, қыстың суығынан кейін асығып, әткеншек теуіп, серуендегісі келіп жүр. Мұндай ойын алаңдарын пайдалану қауіпсіздігін кім және қалай қамтамасыз ету керек? Бұл мақала осы туралы.

Балалар ойын алаңдары дұрыс орнатылмаған және нормативтік талаптарға сай болмаса, қауіпті аймақтар болып табылады. Ойын алаңдарында жарақаттар жиі орын алуына байланысты бұл саладағы заңнама қатаңдатылғанын ескере кету керек.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында «Балалар ойын алаңдары жабдықтарының қауіпсіздігі туралы» Техникалық регламент қабылданып, пайдалануда. Техникалық регламент, балалар ойын алаңдарына арналған жабдықтар мен жабындардың қауіпсіздігіне және онымен байланысты жобалау, өндіру, орнату, пайдалану, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді. Балалар ойын алаңдарына арналған жабдықтар мен жабындар, көрсетілген техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келсе және сәйкестікті бағалаудан өтсе ғана (б.а.сертификаттаудан өтсе), айналымға шығарылады. Техникалық регламентте жобалау кезінде жабдық пен жабынға қойылатын қауіпсіздік талаптары көрсетілген. Жабдық пен жабын мақсатына сай пайдаланылғанда, балалардың өміріне қауіп төндірмейтіндей етіп жасалуы керек. Жабдықтың конструкциясы беріктікті, тұрақтылықты, қаттылықты және өзгермейтіндігін қамтамасыз етуі керек. Коррозиядан және қартаюдан қорғалған, тегіс дәнекерленген, бұрыштары дөңгеленген және арнайы құралдарды қолданбай, бөлшектеу мүмкіндігін болдырмайтын болу керек.

Техникалық регламент сырғанақтарға, әткеншектерге, карусельдерге, аспалы жолдарға,  ойын үйшіктеріне және балалар ойынайтын алаңдарындың амортизациялық жабындарға қолданылады.

Олардың дұрыстығына кім жауапты?

Жабдық пен оның элементтерін шығару кезінде өндіруші қауіпсіздік шараларының барлық кешенін орындауы керек, сонымен бірге қауіпсіздік тәуелді болатын барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкіндігі болуы керек.

Балалар ойын алаңын жобалау кезінде жобалаушы компания қауіпсіздік пен техникалық регламент талаптарының сақталуына жауапты болуы керек.

Жабдықты қауіпсіз орнату, пайдалану, сақтау, тасымалдау және жою туралы мәліметтер және олардың сипаттамалары паспортта көрсетілуі керек. Жабдықты  және жабынды іске қосу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Пайдалануды, пайдаланушы техникалық регламенттердің талаптарына және паспортта белгіленген қауіпсіз пайдалану ережелеріне сәйкес жүзеге асырады. Осы құжатқа сәйкес, ойын алаңының иесі қауіпсіз жұмыс істеуге жауапты, ол олардың жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз етуі керек.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес ойын алаңдарын пайдалану сатысында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып  жергілікті атқарушы орган тағайындалған.

«Балалар ойын алаңдары жабдықтарының қауіпсіздігі туралы» Техникалық регламенттің нормаларын түсіндіру үшін «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті» РММ-ге хабарласыңыз. Біздің мекенжай: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қаблиса жырау көшесі, 69А  тел.: 8 (7282) 24 20 51;  tk.gosnadsor@redaktor

Жетісу облысының әкімдігі