Ауыл шаруашылығы басты назарда

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің отырысында ауыл шаруашылығында көптеп жиналып қалған мәселелерге үкімет пен әкімдердің, сондай-ақ тұрғындарыдың назарын аударды.

«Ауыл шаруашылығына ерекше назар аудару керек. Соңғы жылы елімізде құрғақшылық болды. Былтырға қарағанда жиналған астық көлемі 4 миллион тоннаға кеміді. Бұл шикізатпен және жемшөппен қамтамасыз ету ісіне әсер етті. Болжам бойынша алдағы жылдары да ахуал күрделі болуы мүмкін. Үкімет тұқыммен, жемшөппен, тыңайтқышпен қамтамасыз ету мәселелерін және егін егу науқанын қатаң бақылауда ұстауға тиіс. Субсидияны тұрақты беруге қатысты мәселе жиі көтеріледі», – деді Президент.

ҚР Президенті еліміздің жаңа экономикалық саясаты алдағы кезеңде, ең алдымен, барлық қазақстандықтың өмір сүруі мен әл-ауқаты жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етумен байланысты екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев осы мақсатта Қазақстан даму банкінің жұмыс форматын елдегі шағын және орта бизнесті дамытуға көмектесетіндей қайта қарауды ұсынды. Жалпы, қазіргі уақытта Қазақстан қоғамы Мемлекет басшысының шешімдері төңірегінде топтасуы қажет. Күшіміз – бірлікте. Біз бірге барлық қиындықты еңсеріп, көздеген мақсатымызға қол жеткізе аламыз.

Б.Боранбаев, «Ескелді ауданының Құрметті азаматы»,
Ескелді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы