Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды

Йә, көктемнің алғашқы мерекесі Халықаралық 8-наурыз әйелдер мерекесі  де келіп жетті. Күн нұрын шашып, жер жүзі түрленіп, дала ерекше бір сезімге бөленуде. Осы мейрамда шат –шадыман болған аяулы аналар, ардақты әжелер, асыл жар мен қарындастардың гүлдей құлпырып тұрары анық.

Ана – отбасының ұйытқысы, берекесі. Ыстық алақанымен аялап, ақылымен өсіріп, әркез оң істің бастауына себепші болып отыратын дана адам. Күннің нұрындай ыстық мейірімі мен құшағы еш жерден табылмайды. Осындай жан қай кезде де сый-құрметке лайық. Маңдайындағы әжемі, самайындағы ақ шашы, тілімденген алақаны қай бала үшінде сұлулықтың символы десем  артық емес. Ананы 3 рет меккеге арқалап апарсаңда ақ сүтін өтей алмайсың деген. Біздің парызымыз, осы ақ сүтін ақтап, бейнетінің зейнетін көрсету. 

Осы орайда, Көкжазық ауылындағы барлық аналарды, дана әжелерді,  асыл жар болып отырған қыз-келіншектерді. Білім саласында жүрген ұстаздарды, медицина саласындағы мейірбикелерді, әпке-қарындастарды  айтулы 8-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Әр шаңыраққа береке-бірлік, денсаулық тілеймін.

Құрметпен 

М.Жумабаев,

Көкжазық ауылдық

округінің әкімі