Пешке сақ болайық!

Қыс мезгілінің  аяқталуына  таяу уақыт қалса  да, ауданымыз үшін от жағу мерзімі мамыр айына дейін жалғасатыны белгілі. Сондықтан өрт сөндіру қызметкерлері аудан тұрғындарына  пешіңізге сақ болып, пеш тұрбаларының бітеліп қалуын  басты назарда ұстаңыздар деген қағиданы ескертеді.

Өрт көбіне бейқамдықтан, салғырттықтан, сақтық шараларын ескермеуден пайда болып, тұрмыстық заттарға ғана емес, адам өміріне де айтарлықтай зиян келтіріп жатады. Өрттің алдын алу -өз қолымызда. Сондықтан, күз мезгілінен бері тынымсыз жанып келе жатқан пеш  тұрбаларын уақытылы тазалап, тексеріп қойыңыздар. Пештің уақытылы сыланбай, жарық-тесіктер болуы, пештің жанына отқа қауіпті заттар қойылуы өрттің пайда болуына себепші болады. Жеке меншік үй жайлардағы пештердің салынуына да аса мән беру керек. Пештердің дұрыс салынып, орналаспауынан да өрт пайда болып, бүкіл отбасыңызға қауіп төндіруі сөзсіз.

 Өртті болдырмай, алдын ала сақтық шараларын көріп, қарапайым ережелерді есте сақтаңыздар!

  Қ.Әшімов,

  Ескелді ауданының ТЖБ

 инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты