Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік

Су тасқыны, негізінен жиі немесе ұзақ жауған жаңбырдан, қар мен мұздардың тез еруінен, жағалаулар су қоймалары мен бөгендерді судың бұзып кету жағдайларынан, табиғи және жеке адамдардың кінәсінен де туындап жатады. Тұрғылықты жерлердегі су тасқыны қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көбінесе, оның алдын алу шараларына байланысты болады.

Су тасқынына дейін:

— күрделі құрылыстарды тек мемлекеттік өкіл¬ді органдарының рұқсаты бойынша салыңыз;

— қауіпті жерде уақытша тұра¬тын орын¬дарды жаса¬маңыз;

— азық-түлік, су, қажетті заттар¬дың, дәрі-дәрмектердің және құт¬қару құралдарының қорын алдын ала қарас¬тырыңыз;

— құжаттарды дайындаңыз, егер де жас балаларыңыз болса, оларға аты-жөні, туылған жылы және мекен-жайы көрсетілген бирка жасаңыз;

— өздеріңізге жақын орналас¬қан қауіпті орынды және оған жететін қысқаша жолды белгі¬леңіз;

— хабарландыру дабылдарына, гидрометео мәліметтеріне назар аударыңыз;

— жергілікті атқарушы орган¬дарынан көшіру-жиналу пункті¬нің мекен-жайын анықтап алы¬ңыз.

Жергілікті жер жағдайын, күн райының ерекшеліктерін және тарихын білген жағдайда су басу қаупін, оның қандай жерлерге дейін жететінін дәл тауып болжау қиын емес. Сонымен қатар гидрологиялық болжамдарға да үнемі назар аударып отыру қажет.

Су басу қаупі туралы хабарды естігенде;

– электр, газ құралдарын, пештегі отты сөндіріңіз;

– азық-түлік, ақша, құжаттарыңызды жинастырып алып, киініңіз;

– үй жануарларын босатып жіберіңіз;

– жақын көршілерге хабар беріңіз;

– жергілікті төтенше жағдайлар жөніндегі ұйымдар нұсқаған орынға жетіңіз;

– үй астына, т.б төмен орналасқан ғимараттарға жасырынуға болмайды, керісінше жоғарғы қатарға, шатырға шығу керек.

Құрметті аудан тұрғындары! Су тасқынын болдырмау үшін алдын алу шараларын орындайық!

Қ. Әшімов.

Аудандық ТЖБ инженеріазаматтық қорғау аға лейтенанты