Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым

15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай «Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым» атты ерлік сағатын  Ақын Сара ауылдық кітапханасының   қызметкерлері ұйымдастырды.

Аталған шара  қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Кітапханашы Себепова Әлия бұл күннің батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны екенін, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болғанын, ал құрметті ардагерлеріміз болашақ ұрпақтар үшін жарқын үлгі болып қала беретіні жайлы мәлімет берді.

Алғашқы әскери дайындық пәнің мұғалімі Жантасов Елнұр әрбір егемен елдің басты мақсаты ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін айтты, сондықтан әр азамат мектеп қабырғасынан бастап өз Отанының қорғаушысы болатынына баса назар аударды. Шараға қатысқан  Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің оқушылары  Ауғанстан жерінде бейбітшілікті орнатуға үлес қосқан азаматтардың ерліктері жайлы мол мәліметтер алды.

Әлия Себепова,

Ақын Сара ауылдық

кітапханасының кітапханашысы