Латын әліпбиі: сана жаңғыруы және
заманауи қажеттілік

Латын әліпбиіне көшу соңғы бірнеше жылдықта еліміз үшін өзекті тақырыптардың біріне айналды. Осыған байланысты ақпан айының 14 жұлдызында Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Ескелді аудандық филиалында В2-ортадан жоғары деңгейінің тыңдаушыларымен «Латын әліпбиі: сана жаңғыруы және заманауи қажеттілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – заман талабына сай туындайтын сұрақтардың бірі: «Не үшін кирилл қарпінен бас тартуымыз керек және не себепті 900 жыл бойы пайдаланылған арабтың жазуын емес, латын қарпін таңдаймыз?». Бұған жауап – әлемнің жаһандану үдерісіне ұмтылуында. Латын қарпі қазіргі кезде жаһанданудың графикасына айналды. Еліміздің жастарының шет тілдерін меңгеруге деген ұмтылысы, қоғамды компьютерлендіру, ғаламторды пайдалану, еуропалық сапаға ұмтылуы – осының барлығын тұжырымдай келе латын қарпіне өтудің маңыздылығын тыңдаушыларға жете түсіндіру.

Дөңгелек үстел барысында тыңдаушыларға латын әліпбиі, оның шығу тарихы, қазақ халқының көне жазуларының бірі араб тілі туралы презентация арқылы таныстырылып, тыңдаушылар өз тарапынан тақырыпқа қатысты сұрауларын қойып, пікір алмасты, тапсырмалар орындады.

А. Нұрбек,

Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының

Ескелді аудандық филиалының, меңгерушісі