Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі  конкурс жариялау туралы хабарлама/Объявления конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования  (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі  конкурс жариялау туралы хабарлама

Жетісу облысы, Ескелді аудан әкімдігі, (040500 Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы  Оразбеков  көшесі, 67), тізімде көрсетілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін кестедегі лоттарға сәйкес, конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды:

Конкурсқа Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабында және «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығында көрсетілген талаптарға сай келетін ауыл шаруашылығымен айналысатын барлық тұлғалар жіберіледі.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау, газет бетіне жарияланғанан соң алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң кейін, яғни 2023 жылдың 20 наурыздан 12 сәуірге дейін қабылданады.

Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұлғалар конкурсқа қатысуға қажетті құжаттама тізбелерін 2023 жылдың 12 сәуірге сағат 11 — 00 минутқа дейін мына мекен жайдан алуға болады: Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Сәтпаев көшесі, 65 ғимаратының 3 қабаты 20 кабинет.

Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді қабылдаудың (конкурстық құжаттаманы) соңғы мерзімі: 2023 жылдың 12 сәуірге 18 сағат 00 минутқа дейін.

Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұлғалар конкурсқа қатысу үшін конверттерге салынған конкурстық құжаттамаларды Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне мына мекен-жайға табыс етіледі: Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Сәтпаев көшесі, 65 ғимаратының 3 қабаты 20 кабинет.

Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2023 жылдың 13 сәуір                       10 сағат 00 минутта   мына мекен жайда ашылады: 040500 Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы,  Оразбеков  көшесі,   67 ғимаратының үлкен мәжіліс залы.

Жер комиссиясы түскен жабық конверттерді ашу жолымен (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) конкурстың қорытындысын шығарады.

Қосымша ақпарат пен анықтама алу үшін (72836) 3-17-68 телефоны, 3-00-34 арқылы хабарласуға  болады.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста мынадай құжаттар болуы қажет:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныс, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Сонымен қатар, Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін — бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және « жылғы __________»_____ « дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі

Объявления конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования  (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства

Акимат Ескельдинского района,  области Жетісу  (040500, область Жетісу, Ескельдинский район, село Карабулак, улица Оразбекова, 67) объявляет список сельскохозяйственных земель согласно лота. (таблица)

Согласно статьи 43-1 Земельного кодекса Республики Казахстан и Приказа №518 от 20 декабря 2018 года Заместителя Премьер-министра Республики Казахстан — Министр сельского хозяйства Республики Казахстан «Об утверждении Правил организации и проведения конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства» Все лица, занятые в сельском хозяйстве, которые подходят всем требованиям.         

 Заявки на участие в конкурс  будут приниматься через 30 дней после публикации, то есть с 20 марта по 12 апреля 2023 года.

 Перечень документов, необходимых для участия в конкурсе, можно получить до  12 апреля 2023 года до 11-00 часов  по адресу: 20, 3 этаж, офис 65, улица Сатпаева, Ескельдинский район, область Жетісу

 Прием заявок на участие в конкурсе (конкурсная  документация) заканчивается 12 апреля 2023 года в 18:00 часов.

 Вскрытия конвертов с конкурсной документацией будет проведена 13 апреля 2023 года  в 10:00 часов  (040500, область Жетісу, Ескельдинский район, село Карабулак, улица Оразбекова, дом 67) в большом  конференц -зале  акиматарайона.

 Земельная комиссия подводит итоги конкурса путем вскрытия поступивших закрытых конвертов (без участия участников конкурса).             Для получения дополнительной информации и запроса звоните  8(72836) 3-17-68, 3-00-34 (Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Ескельдинского района).

А также, заявка на участие в конкурсе по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства должна содержать:

для негосударственных юридических лиц Республики Казахстан – наименование юридического лица, его место нахождения, сведения о государственной регистрации (перерегистрации) в качестве юридического лица, сведения о руководителях и участниках или акционерах заявителя – юридического лица с указанием размера их доли в уставном капитале (от общего размера уставного капитала), сведения об аффилированных лицах заявителя;

для физических лиц – фамилию, имя и отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность) заявителя, место жительства, гражданство, индивидуальный идентификационный номер, сведения о документе, удостоверяющем личность заявителя;

местоположение земельного участка, на который претендует заявитель;

конкурсное предложение;

обязательства по заключению договора временного возмездного землепользования (аренды) земельного участка сельскохозяйственного назначения для ведения крестьянского или фермерского хозяйства либо сельскохозяйственного производства в течение трех рабочих дней со дня получения уведомления о необходимости подписания указанного договора в случае признания заявителя победителем конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства.

Заявку на участие в конкурсе по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства могут представлять уполномоченные представители физического лица или негосударственного юридического лица Республики Казахстан на основании доверенности, выданной и оформленной в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

конкурсное предложение;

обязательства по заключению договора временного возмездного землепользования (аренды) земельного участка сельскохозяйственного назначения для ведения крестьянского или фермерского хозяйства либо сельскохозяйственного производства в течение трех рабочих дней со дня получения уведомления о необходимости подписания указанного договора в случае признания заявителя победителем конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства.

Конкурсное предложение должно содержать:

бизнес-план (прогнозный объем инвестиций, площади возделывания сельскохозяйственных культур, поголовье сельскохозяйственных животных, применяемые агротехнологии, наличие сельскохозяйственной техники и технологического оборудования, квалифицированных специалистов в области сельского хозяйства, количество создаваемых рабочих мест);

обязательства по составлению и освоению проекта внутрихозяйственного землеустройства, выполнению мероприятий по развитию сельскохозяйственной инфраструктуры;

обязательства по исполнению требований земельного законодательства Республики Казахстан, включая правила рационального использования земель сельскохозяйственного назначения, выполнению индикативных показателей по диверсификации структуры посевных площадей сельскохозяйственных культур в соответствии со специализацией региона, соблюдению научно обоснованных агротехнологий, фитосанитарных и карантинных требований.

Конкурсное предложение представляется в закрытом конверте в прошитом виде с пронумерованными страницами, за исключением случаев его подачи посредством веб-портала «электронного правительства».

Обязательства и бизнес-план, предложенные заявителем в конкурсном предложении, являются неотъемлемой частью договора временного возмездного землепользования (аренды) земельного участка сельскохозяйственного назначения для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства.

ГУ «Отдел сельского хозяйства и земельных отношений Ескельдинского района»