ҚАРТТАРЫМ — АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

Қарттарым, жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен,
Оқитын келешекте бір-бір дастан.
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп өскен қазақ баласымыз. Ардагерлердің жағдайын сұрап, оларға көңіл бөлуді «Бақтыбай» бастауыш партия ұйымы жыл сайын борышқа айналдырып жүр. Басты мақсат – ардагерлерге қолғабыс көмек көрсету және осы игі шара арқылы жастардың бойында елжандылықты қалыптастыру. Бұл шараға партияның жастар қанаты, мектеп оқушылары жалғызбасты ұстаз Дәнегүл Сыпатаева әжеміздің шаңырағына барып, үй шаруасына көмектесті. Жасотандықтар қарт ананың бақшасындағы картоптарын қазып, жинап берді. Барлығы әженің әсерлі әңгімелерін тыңдап, батасын алып қайтты.
«Nur Otan» партиясы
Ескелді аудандық филиалының «Бақтыбай»
бастауыш партия ұйымы.