Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл

Бүгін Ескелді ауданы Қарабұлақ  ауылында 18386 әскери бөлімінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толу орайына іс-шара өтті.  Шара мақсаты, кешегі батыр жауынгерлеріміздің ерлігін, қайсарлығын бүгінгі ұрпаққа жеткізу. Аудан әкімінің орынбасары Жұмағұл Әбдіраманұлы, 18386 әскери бөлімінің командирі, майор Арман Ергенбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлер мен ардагерлердің аналарына төс белгі және гүл шоқтарымен марапаттады.


Салтанатты шара Ауған соғысы жауынгерлерінің елге орала алмай қыршын кеткен боздақтарды бір минуттық үнсіздік пен және Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің жанына  гүл шоқтарын қоюмен ұласты. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары келіп, ән шашуларын тарту етті. Ауған соғысы ардагерлерінің ерліктерін ешқашан ұмытуға болмайды, жас ұрпақ ұмытпай тағзым етуіміз міндет.

ЖШ Ақпарат