Жетісу облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерлік субъектілерін қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда

Жетісу облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Бизнеске жол» жобасы аясында бизнестің парасатты субъектілерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда.

Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығының бастамасы бойынша аталған ведомство мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметіне сыртқы талдау жүргізілуде.

Аудандық және қалалық Мемлекеттік кірістер басқармаларында бірлескен жұмыс нәтижесінде  кәсіпкерлердің  жылжымалы мүлік объектілеріне тыйым салуды алып тастау жөнінде ұзақ уақыт бойы шаралар қолданбау фактілері анықталды.

Сондай-ақ, салық есептілігін ұсынған шағын және орта бизнес субъектілері шоттарынан бұғаттауды алмаудың  фактілері анықталды.

Антикор қызметінің ұсынымдары бойынша аталған бұзушылықтар жойылды, кәсіпкерлердің жылжымалы мүлік объектілерінен заңсыз тыйым салуды алып тастау, шағын және орта бизнес субъектілерінің шоттарын бұғаттамау жөнінде ұзақ уақыт бойы шаралар қолданбау фактілері бойынша мәселері шешілді, кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.