Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алушылардың назарына!

Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер!

ҚР АШМ АӨК МИК Текелі қалалық аумақтық инспекциясы тарапынан өсімдіктер карантині саласы бойынша төмендегі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1. «Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру».

2. «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру».

3. «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу».

4. «Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру».

Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:

 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

 2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

 3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 Фитосанитариялық сертификат немесе оны беруден уәжді бас тарту өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз нысанда рәсімделеді.

— Фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды рәсімдеу өтінішке карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) күнтізбелік күннен асырмай берілген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы қоса берілген карантинге жатқызылған жылдам бұзылатын өнімді (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін фитосанитариялық сертификат беруге арналған өтініш келіп түскен кезде 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады.

Карантиндік сертификат немесе оны беруден уәжді бас тарту 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде рәсімделеді.

— Карантиндік сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды рәсімдеу өтінішке карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 131 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20432 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 131 бұйрық) бекітілген карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) күнтізбелік күннен асырмай берілген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы қоса беріле отырып карантинге жатқызылған жылдам бұзылатын өнімді (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беруге өтініш келіп түскен кезде 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша туындаған сұрақтар бойынша, Ескелді аудандық аумақтык инспекциясына Оразбеков көшесі, 52 хабарласуыңызға болады. Тел: 8(72836) 3-01-30.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтер жеке және заңды тұлғаларға ТЕГІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ.

Д.Искаков

Ескелді аудандық  аумақтық инспекциясының

өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы.