Сақтандыру өнімдерінің көмегімен балаларды оқытуға қалай қаражат жинауға болады
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) шеңберінде Қазақстанда, сондай-ақ шетелде техникалық, кәсіптік, жоғары оқу орны және магистратура бағдарламалары бойынша оқуға ақы төлеуге болады. Бұл құралдың артықшылығы – азаматтардың жинақтарына 5%-дан 7%-ға дейінгі мөлшерде мемлекеттің жыл сайынғы сыйлықақысы қосылады.
2013 жылдан бастап МБЖЖ-ға банктер қатысады, ал 2022 жылдан бастап оларға сақтандыру компаниялары қосылды. Сақтандырудың осы түрінің талаптары туралы толығырақ Fingramota.kz айтып береді.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жанындағы «Қаржы орталығы» АҚ МБЖЖ операторы болып табылады, ол білім беру салымдары мен жинақтаушы сақтандыру шарттарын тіркеумен айналысады, сондай-ақ мемлекет сыйлықақысын есептейді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда МБЖЖ шеңберінде өз қызметтерін:
— екінші деңгейдегі 4 банк ұсынады, оларда «AQYL» білім беру депозитін ашуға болады;
— 3 сақтандыру ұйымы ұсынады, оларға 2022 жылдың соңында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру» сақтандырудың ерікті нысанында сақтандырудың қосымша сыныбын енгізе отырып, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялар берді.
***
Как накопить на образование детей с помощью страховых продуктов
В рамках Государственной образовательной накопительной системы (ГОНС) можно оплатить обучение по программам технического, профессионального, высшего образования и магистратуры как в Казахстане, так и за рубежом. Преимущество данного инструмента в том, что к накоплениям граждан добавляется ежегодная премия государства в размере от 5 до 7%.
С 2013 года в ГОНС принимают участие банки, а с 2022 года к ним присоединились страховые компании. Fingramota.kz расскажет подробнее об условиях данного вида страхования.
Оператором ГОНС является АО «Финансовый центр» при Министерстве образования и науки РК, который занимается регистрацией договоров по образовательным вкладам и накопительному страхованию, а также начисляет премию государства.
В настоящее время в Казахстане свои услуги в рамках ГОНС предоставляют:
— 4 банка второго уровня, в которых можно открыть образовательный депозит «AQYL»;
— 3 страховых организации, которым в конце 2022 года Агентство по регулированию и развитию финансового рынка выдало лицензии на право осуществления страховой (перестраховочной) деятельности по отрасли «страхование жизни», с включением дополнительного класса страхования в добровольной форме страхования «страхование жизни в рамках государственной образовательной накопительной системы».