Баяндама: Химия сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

«Елімізде болып жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және басқа да өзгезістер білім беру жүйесіне әсер тигізіп жатыр. Бұл өзгерістер еліміздің мектептерінде тек жаңа пәндерді енгізіп қана қоймай, сонымен бірге оқыту әдісін өзгертуді де талап етеді. Еліміз тәуелсіз мемлекет болып даму жолында, қоғамның назарын аудару үшін шешім қабылдау маңызды. Бұл әсіресе сынып жұмысына қатысты: сабақ барысында оқушылар белсенді болулары керек. Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін казіргі заманда мұғалім көп ізденіп,сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты.

Біздің ел дамудың демократиялық жол таңдауына байланысты, бүгінгі таңда қоғамда шешім қабылдауға маңызы арта түсті. Осы бағытта оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдер интерактивті деп аталып жүр. «Интерактив» ағалшынның «өзара әрекет» деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым-қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге сапалы білім алудың алғы шарттары болып танылатын таным белсенділігі һәм ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Оқушылардың оқуы сонымен білім сапасы оқу барысында оқушының өзі сабаққа тікелей қатысуы, сабақ барысында тек мұғалімнің айтқаның ғана жазып,сызып қоймай өз бетінше білім алуға жағдай жасалғанда ғана оқушы білімге өзі ұмтылатыны және алған білімін одан әрі дамытуға қызығатыны анық. Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады.

Оқудың белсенді әдістеріне: диалогтық оқыту түрлері: әңгіме –дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме, рефлексивтік оқыту негізіндегі кері байланыс, ролдік ойын, сұрақ-жауап, жағдаяттарды талдау, тренингтер, өзін-өзі бағалау, тест құру және бірін –бірін тексеру жатады.

Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Бұл бағыт мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалім сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындауы мүмкін, сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді. Сонымен казіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологиялар менгеруі қажеттілігі туындап отыр.

Жоғары технологиялар заманында адамға жан-жақтан түрлі ақпарат келіп түседі, сондықтан казіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қажетін алып қолдана алу бейімділігін қажет етеді.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған технологияларға сын тұрғасынан ойлау,жобалау, проблема туғызу, ұжымдық қарым-қатынаста оқыту. Қызығушылық деп оқушының бір нәрсеге зейін қоюға, кейбір заттар мен құбылыстарды танып білуге ұмтылуын айтамыз.

Қазір білім саласындағы болып жатқан мемлекетаралық бақылау, ұлттық бірыңғай тест, 12 жылдық оқуға көшу барлығы Қазақстандық білім сапасын көтеруді және халықаралық деңгейге жеткізуді көздейді. Осы проблемалар мектептегі химия пәнінің оқытылуына да тікелей қатысты.

Химияда оқушыларды қызықтыратын құбылыстар аз емес. Қызығушылық адамның рухани және дене күшінің дамуының аса маңызды шарттары болып, ой-өрісін кеңейтіп білім алуға итермелейді. Оқушы қызықты сабақты зор ынтамен қабылдайды және жақсы оқиды.

Жаңа заманауи технологиялар даму заманында мұғалімнің күнделікті сабақта компьютер, интерактивті тақта қолдануы сабақ кезенің тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Химия пәнінің ерекшелігі сабақ барысында химиялық эксперименттер болуы, бірақ көптеген себептер (реактивтер тапшылығы, кейбір реактивтер белсенділігі, тәжірибе уақыт көп алуы) болғандықтан кейбір зертхана жұмыстары сабақ барысында өткізілмейді. Осындай кездерде электрондық оқулықтар, бейнетәжірибелер қолданылады. Электрондық бейнетәжірибелердің бір тиімділігі тәжірибені қайта көрсетіп қайталау мүмкіндігі,жақсы көрінуі, қауіпсіздігі болып табылады. Сабақта интерактивті тақта қолдану сабақ үрдісін тиімді қолданумен қатар оқушылардың сабақты жақсы меңгеруіне, үнемделген уақыт оқушылардың өз бетінше білім алуына себеп болады.

Өз бетінше білім алу –білім сапасын көтерудің бірден бір жолы екенін естен кетірмеу қажет. Белгілі ағылшын ақыны Ричард Олдингтон былай деген екен: «Білу керек маңызды нәрсеге үйрету мүмкін емес және болмайды , мұғалім тек үйрену жолын көрсету керек» сондықтан да білімді беру емес білімді алу жолын көрсетіп бағыт-бағдар берген тиімді. Казіргі оқушы- көп білімді: «мен оны білемін», «мен оны естігенмін», «мен оны оқығанмын». Қазіргі заманда оқушыларда ақпарат көздері көп, сол себептен казіргі мұғалім оқушы үшін білімнің бірінші көзі емес, оқушыға білетінін қайта айтудың қажеті жоқ, алған,білгенін ары қарай дамыту жолын іздестіру, бағдар беру қажеттілігі туындайды, олай болмаған жағдайда басқа жағдайлармен қоса оқушылардың оқуға деген ынтасын түсуінің бірден-бір себебі болып табылады. Мұғалімнің алдындағы мақсат оқушының оқуға деген ынтасын көтеру, қызығушылығын арттыру,ал бұл білім сапасын көтеру болып табылады.

Сабақты жоспарлау негізі -оқушылардың жұмысын тиімді ұйымдастыру. Дұрыс жоспарланған сабақ барысында мұғалім оқушыға тек тақырыпты түсіндіріп қана қоймайды, олардың игеруге деген ынтасын, танымдық қызығушылығын ұйымдастырады. Сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану кезінде оқушылардың жеке қабілеттерін, білім алу деңгейін тыс қалдырмау қажет. Қиын шығармашылық тапсырмаларды тек қабілеті жоғары оқушыларға беру керек. Шығармашылық деңгейі жоғары тапсырмаларды орта деңгейлі қабілеті бар оқушыларға беру олардың өзі-өзіне деген сенімін түсіріп, келе-келе сабаққа деген ынтасын жоғалтуының себебі болады.

Оқушылар сабақ меңгеру барысында әртүрлі іс-әрекет жасайды: мұғалімді тыңдайды, оқулықты оқып қосымша әдебиетпен жұмыс жасайды, есеп шығарады, зертханалық тапсырмаларды орындайды. Осы әр іс-әрекеттер әр-түрлі психикалық үрдіске жатады: жады,қабылдау,ойлау, ойша бейнелеу. Аталған процестер ішінде ойлау ең негізгі болып табылады. Ойлау мен жады арасында тығыз байланыс бар. Ой елегінен өткен материал жадыда жақсы сақталады. Ойлау басқа да танымдық әрекеттерге әсерін тигізеді. Оқушының танымдық іс-әрекетін белсендіру дегеніміз- ойлау қабілетін белсендіру деп айтуға болады.

Оқушыға оқу барысында тек берілген танымдық тапсырмаларды орындау әдістерін үйрету ғана емес, сол тапсырмаларды өздігінен орындауға ынталандыру қажет.

Химия сабақтарында мен сабақтың тақырыбын айтпас бұрын заттардың күнделікті өмірде және тұрмыста қолданылуы туралы айтып, сүреттерін,материал үлгілерін көрсетемін, мысалы 9 сыныпта «Көмірсутектердің табиғи қорлары» тақырыпты өткенде бензин,мазут үлгілерін әуелі көрсетіп,оның түрін,түсін, иісін қарастырып талдай келе сабақ тақырыбына келтіремін, одан кейін ғана мұнайдың құрамы мен химиялық қасиеттеріне тоқталамын. Мұндай әдіс тақырыпқа деген орнықты немесе терең қызығушылық оятады. Химия – ерекше пән, оны химиялық тілді менгермей меңгеру мүмкін емес. Оқушылар көбіне ойларын қазақ тілінен химия тіліне аударуда қиындықтармен кездеседі. Сондықтан мен оқушы ойын дұрыс жеткізе білу үшін сабақты түсіндіргенде ойларын бірнеше әдіспен жеткізуіне жағдай жасауға ұмтыламын, мысалы судың сутекпен оттектен тұратынын сызбанұсқа,сүрет түрінде көрсетіп химиялық формуласына көшемін.(М.Ф.Шаталов әдісі)

СУ – сутек + оттегі

↓ ↓

Химиялық элементтер — Н + О

Н2 + О2 – жай заттар; Н2О-су

Осындай әдіс қандай болмасын оқушының анықтама жасауына қызығушылығын арттырады сонымен қатар жақсы меңгеруіне де себеп болады. Оқушының есінде қалу үшін М.Ф. Шаталовтың блок -конспектілерін қолданамын, бұл блок-конспектілер тақырыпты жинақтап көрсетіп оқушының есінде қалады.

4Na0 + O20 = 2Na2+1O-2

Na –е – берген, тотықсыздандырғыш; О +е –сараң, тотықтырғыш.

Сандық есептер шығару сабақтарында топтастырамын ,осындай бөлу оқушылардың қабілетін арттырады және мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайта түседі. Топпен жұмыс барысында топтың әр оқушысы берілген тапсырмаларды орындау барысында өз үлесін қосуға тырысады жәнеоқушылардың интеллектуалды қабілеттері айқындалады. Топтастырғанда әр оқушының қабілетін еске ұстаған жөн. Бір топқа шығармашылығы жоғары, сын тұрғасынан ойлайтын оқушыларды,ал келесі топқа ойлауы дұрыс, бірақ сенімсіздіктері басымырақ оқушылар, үшінші топ алгоритмдік деңгейлі оқушыларды бөлемін. Мысалы «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары» тақырыбын өткенде сыныпты төрт топқа бөліп тапсырмалар беремін.

Бір теңдеуді бір оқушы орындап болған соң, тапсырма парағын келесі оқушыға береді. Жеңімпаз болып ең бірінші болып және дұрыс орындаған топ болады. Эстафета түрінде өткізілгендіктен әр оқушы тапсырманы тезірек,әрі дұрыс орындауға тырысады, оқушы өз тобы үшін жаны ашып, қайтсе де жеңіске жетуге ұмтылады, осындай сабақтар да оқушының сабақ барысында белсенділігін жоғарылатумен қатар білімге, пәнге деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.

        Оқушылар сабақтың тақырыбын талдау,туындаған сұрақтарға өз беттерінше жауап іздеу арқылы түсінеді және естерінде сақтайды. Өздігінен ізденіс жұмыстары оқушының оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттырып білімін тереңдетеді. Күнделікті сабақта үй тапсырмасын тексеруде,жаңа тақырыпты талдауда тест, проблемалық ситуация, ізденіске итермелейтін сұрақтар, деңгейлік тапсырмалар, химиялық диктанттар, оқулықпен жұмыс, есептер шығару арқылы оқушылардың пәнге деген көзқарастарын, қызығушылығын қалыптастырамын. Сонымен бірге оқушылар зертханалық,сарамандық жұмыстарды орындауда белсенділік танытады. Үй тапсырмалары жүйелі түрде жазбаша,ауызша тексеріледі және бағаланады. Оқушыларды жаңа тақырыпты талдауда, өз пікірін айтуға, қосымша материалмен жұмыс жасауда мүмкіндігі мол. Нәтижесінде оқушылардың сабаққа дайындықтары жүйелі түрде қалыптасып, білім сапасының артуына септігін  оларды қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, өмірге ғылыми көзқарасын дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар: «Білгір химик», «Жүзден жүйрік», «Кім жылдам?»,

Гульвира Нусупова,

 химия пәні мұғалімі,

 Жалғызағаш орта мектебі