Тіл тірегі – халық

«Тіл жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт»

Х.Досмухамедов.

Тіл таусылмайтын байлық, неғұрлым көп тіл білсең соғұрлым өзге адамнан биік болатыны анық.

Тіл адамдардың қарым қатынас жасауының басты құралы. Тіл арқылы адамдар көп мәселені шешеді. Қазақстанда көптеген ұлттар мен ұлыстар мекен етеді. Қазақ тілі еліміздің мемлекеттік тілі болып саналады. Жыл сайын 22- қыркүйекте  тіл мерекесі тойланады. Оның мақсаты тіліміздің өркендеуіне жол ашып, озық дәстүр, салт-дәстүрді әлемге таныту. Жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді сіңіру, тіл мен тарихты қастерлеу аға буынның басты  міндеті болып саналады. Тіл туралы заңды біліп, құрметтеу әр адамның борышы. Мемлекеттік тілді білу, сол тілде сөйлеу кез келген қазақстандық азаматтың міндеті.

Ұлттың ұлт болып қалыптасуына, мемлекетіміздің өркендеуіне ана тіліміз арқылы қол жеткізуге тырысу керек.

Еліміздегі бар байлықты әлемге мойындату үшін ең алдымен өзіміз ана тілімізді шұбарламай таза сөйлесіп, жеріміз үшін халқымыз үшін аянбай еңбек етсе біздің  туымыздың биікте көрінері анық. Тіл-таусылмас қазына, еліміздің өткені мен бүгінгі күнін біз тіл арқылы жеткіземіз.

Тілі жоқ ұлттың болашағы күңгірт. Тіл тірегі халық деп бекер айтылмаған. Егер тіліміз жоқ болса, мемлектіміздің гүлденуі мүмкін емес. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»   деген басқа халықтың тілін біліп үйренуге деген қызығушылық пен қажеттіліктің мыңыздылығын көрсетеді. Бірақ өз тілімізді құрметтеп, өз тілімізде  сөйлесек басқалардың алдында беделіміздің біліктеуі әлемге танылу үшін тіл тірегі болатын халқымыз өз тілінің мәртебесін биіктету керек.

Тіл қоғамның жемісі, жарқын болашақтың мықты баспалдағы екенің, екейген кәріден, еңбектеген балаға дейін білуіне баршамыз үлес қосу керекпіз деп ойлаймын.

Тіл тағдыры халық тағдыры. Бабаларымыз қасық қанын  елі, жері, тілі үшін төккенін ұмытпай, тілімізден айырылмайық ағайын дегім келеді.

Б.Боранбаев,

Ескелді аудандық

ардагерлер кеңесінің төрағасы