Фитосанитариялық есептілік туралы ескерту

ҚР «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 6-бап, 1-тармағына сәйкес осы есептіліктер жөнінде 29.06. 2015 жылғы №15-02/584 ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Фитосанитариялық норматитерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шықты.

Осы бұйрыққа сәйкес  фитосанитариялық есепке алу нысандары және есептердің нысандарын ұсыну қағидалары бекілді. Яғни барлық пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданушы шаруашылықтар (қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне байланысты жеке және заңды тұлғалар) бекітілген нысандар бойынша тиісті уақытта фитосанитариялық  есептерді өз аудандық аумақтық, қалалық инспекцияларына тапсыру міндетті. Фитосанитариялық есепке алу  нысандарын атай кетелік: 1)Пестицидтерді, биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және өткізу туралы есеп;2)Пестицидтердің, биопрепараттардың және этномофагтардың қозғалысы туралыесеп.3)Шаруақожалықтар мен заңды тұлғалар фитосанитариялық есептілікті Ескелді аудандық аумақтық инспекциясына 1( әр айдың 20-да, 1-жартыжылдық 20 шілдеде, 2-жартыжылдық 20 қаңтарда беруі керек.

Пестицидтерді (улы химикаттар) , биопрепараттарды және этномофагтарды сақтау туралы есеп, тиім салынған және жарамсыз пестицидтер мен олардан босаған ыдыстарды залалсыздандыру жөніндегі есеп, қоймалық үй-жайлардың бар-жоғы туралы есеп, бүркігіш және дәрілегіш техникалардың бар-жоғы туралы есеп яғни жылдық ұсыну мерзімі жыл сайын қаңтардың 20-да беріледі. Химиялық өңдеу жүргізілген жұмыстары туралы есеп; химиялық өңдеу бойынша қызмет көрсету туралы есептілік әр айдың 20-да.

Осы көрсетілген нысандар бойынша, көрсетілген мерзімде бекітілген нысанды түрде қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерінебайланысты жеке және заңды тұлғалардың барлығы есеп тапсырып тұруға міндетті. Олай болмаған жағдайда есеп бермеушілер: ҚР 2002 жылғы 3-шілдедегі «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының (13-және 14-5 баптардың) талаптарын ордамаған болып табылады

Жоғарыда жазылған мәселелер бойынша және де басқада сұрақтар болса Ескелді аумақтық аудандық инспекциясына хабарласып кеңес алуға болады. Біздің мекен жайымыз: Қарабұлақ ауылы, Оразбекова 52 3-ші қабат.

Ғ.Керимбаев,

Өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы