«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЕСКЕЛДІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының IV конференциясында аудандық партия филиалының төрағасы сайланды.


Конференцияға «AMANAT» партия-сы Жетісу облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Досмұхамбетов Асхат Сейденұлы, партияның аудандық саяси Кеңес мүшелері, ауылдық округ әкімдері, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдары және мекеме басшылары қатысты.
Конференция барысында ашық дауыс беру арқылы Баяхан Айдын Ықыласұлы Ескелді аудандық партия филиалының төрағасы болып сайланды.
Өз кезегінде ол «АMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасы етіп сайлағаны үшін шын ниетіммен алғысын білдіре отырып, зіне жүктелген сенімдерді ақтау үшін жүйелі жұмыс жасайтынын айта кетті.
Күн тәртібіндегі келесі бойынша «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюро мүшелерінің, Саяси кеңес мүшелерінің тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселе бойынша қаулылар қабылданды.
Конференция жұмысын партия ардагері Қ.Сатанов қорытындылап, «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық партия филиалының ІV кезекті конференциясын жабық деп жариялады.