Алкоголь өртің себепшісі

Негізі қай халықты алып қарасақ та, ішімдік атаулығы, оның ішінде мас қылатын сусындарға аса жақындықты, оған берілуді жаман әдеттерден санап, оған тиым жасап отырған. Ал мұсылманда арақты ішуді харам істердің бірі санап, одан аулақ болуды парыз еткен. Бұл адамның адами қабілетін, адами келбетін сақтап қалуға арналған қадам болса керек. Өйткені, мас қылатын ішімдіктің кез-келген ең бастысы адамның бірінші санасын уласа, екінші оны адамгершіліктен жұрдай етіп, ар-намысын жер етеді. Яғни, адамдық келбетінен айырады. Осыған орай көргенен ата-бабаларымыздың арақты бүкіл жамандықтың бастауы, кілті деп дөп басып одан өз ұрпағын қорғаштағаны аса асыл тәрбиелерінің бірі екендігі сөзсіз.

Осымен бүгінгі күнге үңілсек, қазір ішімдік атаулының дәурені жүріп тұрған бір кезең екендігі рас. Не ішемін, қандайын ішемін деп басты ауыртуға да  тұрмайды. Ақшаңыз болса болды. Жариялық заманы сияқты, ішімдік атаулыға да бостандықтың жүріп тұр. Осының себебінен ішімдікке әуестенушілердің жыл сайын көбейіп бара жатқандығы ешкімге құпия да емес. Ең бастысы, денсаулықты құртып, адамның санасын улап, адамгершілік асыл қасиеттерінен жұрдай ететін ішімдік салынудың соңы қасіретті оқиғаларға да соқтырып жатады.

ІІҚ сараптамасының негізінде айтсақ, адам қолынан жасалған ауыр қылмыстардың 60 пайызына жуығы қылмыскердің мас күйінде орын алатындығы дәлелденді. Ал ТЖМ жүргізген талдау ақпараттар, жыл сайын елімізде өртте қазаға ұшырағандардың 80 пайызы олардың ішімдік ішудің арқасында болатындығын көрсетіп отыр. Ол қазалы жайыттардың барлығына дерлігі азаматтардың мас күйінде төсекте темекі шегулері түрінде болып тіркелген. Қарап отырғандарыңыздай, адам арақ ішкен мерзімде оның санасы уланып, не істеп, не қоюы тежеліп, ойлау жүйесі, сақтану қабылеті төмендейді. Осының кесірі соңынан өрт шығарып, онда кінәлі адамның қаза табуына әкеліп соғады.

Қ Әшімов,

Ескелді ауданының

ТЖБ  инженері  азаматтық қорғау аға лейтенанты