Мемлекеттік қызмет туралы заңға енгізілген жаңашылдықтар туралы

Мемлекет басшысының артық кедергілерді жою және мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы тапсырмасы бойынша Агенттікпен жаңа тәсілдер әзірленіп, Мемлекеттік қызмет туралы заңға қажетті түзетулер енгізілді, олар қазіргі уақытта қолданысқа енгізілді (түзетулер 2022 жылғы 30 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен енгізілді).

Бұл ретте, бүгінгі күні Агенттік біріншіден: мейлінше тәжірибелі үміткерлер қатарынан мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарға; екіншіден: елорданы қоспағанда, жергілікті органдарға жекелеген лауазымдарға Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жоғары үлгерімін көрсеткен түлектері оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде; үшіншіден: аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқыған, сондай-ақ жоғары үлгерім көрсеткен қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектерін оқыту аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде конкурссыз тікелей тағайындау тетігін енгізді.

Сонымен қатар, меритократия қағидаттары бойынша бағалау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметшілердің неғұрлым икемді мансаптық ауысуы көзделген.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының өзекті редакциясы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде қолжетімді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі