Нұрсұлтан Назарбаевтың ауруханаға жатқызылуы туралы

2023 жылдың 20 қаңтарында «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» КеАҚ
қабырғасында тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ауруханаға жатқызылуы
жайлы ақпаратқа қатысты брифинг өтті.

Орталықтың хирургия бойынша директоры Юрий Пя клиникадағы Нұрсұлтан
Назарбаевқа жасалған емдеу шарасының нәтижелерімен бөлісіп, БАҚ өкілдерінің
сауалдарына жауап берді.

«Соңғы екі жыл төңірегінде Университеттік медициналық орталығының
басшысы ретінде, оған қоса еліміздің бас кардиохирург дәрігері болғаныма орай, мен
барлық азаматтармен қатар ел басшылығындағы азаматтарға да дәрігерлік кеңес
жүргіземін. Ұзақ уақыт бойы қажет болған уақытта Нұрсұлтан Әбішұлына да
дәрігерлік қызмет көрсетемін. Қажеттілік туындаған уақытта консультацияларға
шақырып тұрады. Бүгін өткізілген емдік шара өткен жылдан бері жоспарланған», –
деді Юрий Пя.

Юрий Пя диагноз, емдік әдістер мен егжей-тегжейлі ақпараттардың барлығы
дәрігерлік құпия екендігін, және оны сақтауға әр пациенттің құқығы барын атап өтті.
Одан бөлек, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының ұраны – Patient first, бұл
«Пациент бірінші орында» дегенді білдіреді, сол себепті ең маңыздысы — пациенттің
жайлылығы мен құқығының сақталуы.
Дегенмен, Юрий Пя кей тұстарын нақыталап өтті: жасалған шара операция емес,
емдік-диагностикалық әрекет.

«Бұл операция емес, осы тұсқа түсініктеме жасағым келеді. Бұл емдік шара.
Орыстілді қоғамда кейде «операция» мен «процедура» түсініктерін шатастырады. Бұл
жолы емдік-диагностикалық шара жасалды. Хирург ретінде, операция деп кеуде
тұсына пышақ тисе, (кеудесі тілініп ашылса – ауд.) айтуға болады дей аламын. Ал
емдік шара минималды түрде кесу, тілу арқылы іске асады, халықаралық
номенклатурада бұндай шара операцияға жатпайды. Бұл интервенциялық араласу
болды, дайындықтан бастап аяқталғанға дейін 2,5 сағат көлемінде жалғасты
», – деді
орталықтың хирургия бойынша директоры.

Оған қоса Юрий Пя, Нұрсұлтан Назарбаевтың клиникадағы алған ем-
домдарының барлығы басқа да қазақстандықтармен бірдей мемлекеттік
кепілдендірілген медициналық көмек аясында іске асырылғанын мәлімдеді. 

«Ең алдымен, ол бүгінгі күні біздің пациент болып есептеледі, және
Қазақстанның азаматы ретінде МӘМС аясында көмек алуға құқылы. Емдік
шаралардың барлығы мемлекет бюджетінен төленеді, Қазақстанның ешбір азаматы
бұндай операциялар үшін ақша төлемейді. Айтқым келгені, бұл әр азаматқа
қолжетімді. Бұндай емдік шаралар бізде күнделікті түрде бірнеше рет жасалады.
Әлбетте, қаржылық тұрғыдан алғанда, құны қымбат, бірақ Құдайға шүкір, біздің ел
азаматтарына бұндай көмек көрсетуге мүмкіндігіміз бар»,
– түйіндеді Юрий Пя.

Юрий Пяның айтуынша, тұңғыш президенттің жағдайы жақсы. Нұрсұлтан
Назарбаев жақын күндері шығарылуы мүмкін.

«Шығарылатын күні жағдайына байланысты. Егер өзін жақсы сезініп, үйге
шығуға дайын болса, жақын арада шығарамыз. Бүгін-ертең деп үміттенемін. Бұл
шешім емдік шараға қатысы бар барлық әріптестермен бірге қабылданады
», – сөзін
қорытындылады Пя.

Кардиохирургия орталығының хирургия бойынша директоры, клиникаға деген
сенім – медицина деңгейінің көрсеткіші екенін атап өтті.

«Мен біздің орталықта жұмыс жасайтын әр әріптесіммен мақтанамын. Бұл біз үшін де дұрыс бағытта екеніміздің, бізге өмірін сеніп тапсыратын азаматтардың барын көрсететін деңгейге жеткеніміздің белгісі болды», – жасырмады Юрий Пя.

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» КеАҚ баспасөз қызметі.