ТАҒАЙЫНДАУ

Карабұлақ ауылдық округінің әкімі лауазымын абыройымен атқарған Берік Оналбайұлы Дюсебаев Ескелді ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды.

Дүйсебаев Берік Оңалбайұлы Талды-Қорған облысы, Екпінді ауылында 1972 жылғы 26 қаңтарда дүниеге келген.

Білімі жоғары. 1994 жылы Талдықорған педагогикалық институтын  еңбек, физика және информатика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын «Қусақ» акционерлік қоғамының 6-дәрежелі слесарі ретінде бастаған. Әр жылдарда Физика және еңбекке баулу пәндерінің мұғалімі, Директордың оқу-тәрбие ісі орынбасары, мектеп директоры, Ескелді аудандық білім бөлімінің басшысы, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі лауазымдарында қызмет атқарған. 2023 жылдың 09 қаңтарында аудан әкімінің өкімімен «Ескелді ауданы әкімінің аппараты» ММ басшысы болып тағайындалды.