Бүгінде Жетісу облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі 100,2 процентке жеткен

Бағалар мониторингі тауарлардың 19 түрі бойынша жүргізіледі. Бағаны тұрақтандыру мақсатында ҚР Үкіметінің резервінен Жетісу облысында тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін 1 млрд теңге қаражат бөлініп отыр. Бұл қаражатқа «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы 2,3 мың тонна ұзақ мерзімді сақтау тауарларын сатып алуды жүргізбек.
Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен қосымша 827 млн. теңге бөлінді. Бұл тауарлар 2023 жылғы наурыздан мамырға дейін, ішкі қорлардың қысқаруына және жаңа өнім әкелуге байланысты көкөніс бағалары маусымдық ауытқуларға ұшыраған кезеңде облыс, қала халқының қажеттілігінің 30%-на дейін қамтамасыз етеді.