✅ 2022 жылдың 25 желтоқсаны мен 2023 жылдың 3 қаңтар аралығында Ескелді ауданы аумағында жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТЖД Өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен бірлесіп « Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
? Жедел профилактикалық іс-шараның мақсаты — жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымының белгіленген ережелерін сақтауын бақылау болып табылады.
? Азаматтардың жалпы салмағы 333 келіден аспайтын мөлшерде жеке пайдалану үшін сатып алған пиротехникалық заттар мен өрт қауіпсіздігі және тиісті пиротехникалық заттар мен бұйымдарды қолдану жөніндегі нұсқаулықпен сақталуы қажет.
? Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пиротехникалық заттар мен бұйымдарды пайдалану және сату қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 434- бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
? Азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК — нің 483- бабы көзделген.
? Тауарлар мен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК — нің 196- бабы көзделген.
Ескелді АПБ