ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздерді келе жатқан жаңа 2023 жылмен құттықтаймын! Еліміз Тәуелсіздік жылдары қаншалықты толымды табыстарға қол жеткізсе, оған қасиетті Ескелді елі де өз үлесін қосып келеді. Аудан экономикасы жыл сайын өсіп, ауылшаруашылығы мен өндірісі қарқынды даму үстінде. Тұрғындар көгілдір отынның игілігін көруде.  Әлеуметтік нысандар қайта жаңғыртылып, заман талабына сай айшықталуда. Бәрі де халық игілігі үшін, бәрі тұрғындардың қолайлы ортада өмір сүруі үшін жасалуда. Шын мәнінде бұл мемлекетіміздің басты қағидасын жүзеге асырудағы шаруалар. Қасиет қонған киелі жердің тұрғындары! Жаңа жыл құтты болсын! Баба жұрт тұрмысында жаңадан үміт, жаңашылдық дәметпесе, жамандық күтпейді. Күткен де емес.  Жаңа мүмкіндіктер мен жаңашылдықтар жылына айналсын. Бастысы, тыныштық пен бірлік орнаған еліміз гүлденіп, елдің ырызғы-несібесі молайсын. Жаңа жылдарыңызбен, қадірменді жерлестер!

Құрметпен,

Елдос Ахметов,

Ескелді ауданының әкімі.