«Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасы аясында Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл толуына орай Жалғызағаш орта мектебінде кітап көрмесі қойылып, 5-8 сынып оқушылары арасында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты оқырмандарға А.Байтұрсынұлының әдеби портретін жасап таныстыру, жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігімен егемендігі үшін күрескен алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың өмірімен шығармашылығын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси қоғамдық көз қарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу болды.
ХХ ғасырдың басындағы оқу- ағарту ғылым жолындағы өте биік тұлға Ахмет Байтұрсынұлы болды. Ол, алдымен, бастауыш сынып оқулықтарының авторы, екіншіден, алдыңғы қатарлы әдістемелік оқулық жазуда ғана қолданып қоймай, қазақ тілі оқыту әдістемесі бойынша тұңғыш ғылыми еңбек жазған ғалым болған. Сондықтан, А.Байтұрсынұлы әдістеме заңдылықтарын оқулықтар жазуда іс жүзінде қолданған және әдістемені ғылыми тұрғыда зерттеген ғалым дейміз.
Ұлтымыздың ұлы ұстазы, ағартушы, «Алаш» партиясының негізін қалаушылардың бірі Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары ғылым мен аудармаларынан кітап көрмесі қойылып, А.Байтұрсынов құрастырған оқу құралдарымен қазақ әліпбиі туралы материалдар жинақталып оқушыларға ұсынылды.Балалар А.Байтұрсынұлының ұлты үшін аянбай тер төгіп, қызмет атқарған ұлтжанды өр рухына бас иіп, асқақ бейнесін өздеріне үлгі ретінде тұтты.
Гульмира.Сыдыкова,
Ескелді ауданы
Жалғызағаш орта мектебінің
кітапханашысы