Ұстаз – ұрпақ мақтанышы!

Адам баласының қоғамда бағалануы, дәріптелуі, ардақталуы – тікелей оның адамгершілік қасиеттеріне байланысты. Егер ол айналасындағыларға қайырымды, адал болып, бүкіл қарым-қатынастарын адамгершілік тұрғысынан реттейтін болса, нағыз адамгершілігі мол жан болып, қоғамдағы сыйлы бағасын да, орнын да иемденеді. Міне, осындай орынға ие Жетісу облысы Ескелді ауданы Жастар негізгі орта мектебінің ұжымы.

Жақсылық – адамның ойы, ниеті, іс-әрекеті. Жаман пиғылдардан аулақ болып, қай кезде болса да адамға қол ұшын беріп көмектесетін, жанашырлық танытатын адамды жақсы адам дейміз. Адамның ең асыл қасиеті – жақсылық. Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған. Жақсылық пен игілікті іс жасау-үлкен адамгершіліктің белгісі. Басқа адамдарға көмектесіп жүрген көптеген абзал жандар бар-деп сөзін бастады бүгінгі кейіпкеріміз. Жақсылық жасау әрбір адамның міндеті болып саналса, сол міндеттерінен мүдірмей қызметтерін атқарады. Мектеп қабырғасын күзеткен күзетшілерімен табалдырығынан аттаған сәттен бастап, барлық ұжым мен үшін дара тұлға. 

Білім кілті — мектепте! Мектептің айнасы, бәйтерегі -Мұғалім. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші. Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.

Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Дара тұлға бола білген мектеп ұжымының еңбегінің даралап айтсақ та артық емес.

Қазақта «Адам болып келген соң, адам болып кету қиын» деген жақсы сөз бар. Мен үшін қасиеттердің ең жақсысы – адамгершілік. Себебі, жақсы қасиеттердің жиынтығы – адамгершілік деп аталады. «Жейдесіз адамның жейде сыйлағанынан, өзін сүймейтін адамның сені сүйемін деп айтқанынан қорық» деген жақсы мәтел бар. Расымен де, біреуді сүйіп, біреуге жақсылық жасамас бұрын өзімізді сыйлап, өзімізге жанашырлық, адамгершілік сынды қасиеттерді үйрете білуіміз керек. Адамгершілік дегеніміз не? Ол – қиналған жанға жанашырлық таныту, жылаған адамды жұбату, біреудің ала жібін аттап өтпеу, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, табиғатты аялау, сүю, махаббатқа берік болу, сүйгеніңе адал болу, шынайылыққа ұмтылу, әділеттілік таныта білу және т.б. Біз өмір сүріп жатқан ғасырда адамгершілікті сақтап қалу өте қиын. Себебі, бізді азғыратын ақша бар, алтын бар, атақ пен даңқ бар, желідегі мыңдаған лүпіл бар. Осының барлығы біздің шынайы бет-бейнемізді көрсетіп, адамгершілік танытуымызға кедергі жасайды.

Иә, шындығында да дана Абай атамыздың: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген сөзі, сондай-ақ Хазірет Омардың: «Имандылықтың үштен бірі — Ұялу, үштен бірі – Даналық, үштен бірі – Жомарттық» деген ойы адам жақсысының мінсіз келбеті.

Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Халқымыз қайырымды- мейірімді жанды «адамгершілігі мол адам» деп дәріптеген. Қайырымды-мейірімді жан – өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға қол ұшын беруші жан. Ал, адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп саяды. Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Дәл осындай қағидаларды берік ұстанған Жастар негізгі орта мектебі жетімін жылатпай, мұқтаж жандарға демеу, қол созған адамдарға қолдау көрсете білді. Адамгершіліктің арынан аттамай, жұмысқа деген адалдықтарын танытты. Бұған себеп Құрақбаев Ерасыл Ерсұланұлы. Жастайынан әкесінен ерте қалған Ерасыл Ескелді ауданы Жастар ауылында Асыл апасының қолында өседі. Асыл апасы әке орнына әке, шеше орнына шеше бола білді. Немересінің балабақшалық шағынан, мектептің тыныс-тіршілігіне де етене араласты. Қоғамдық жұмыстардан да қалыс қалмады. Ерасылдың армандаған оқуына түсуіне де көмегін аямады. Баласынан қалған көзі, қарашығы.

Әрбір мемлекеттің келешегі ең алдымен мектебінде шыңдалады. Ертең осы кең-байтақ елімізге ие болып, тізгінін ұстар-мектеп оқушысының білім сапасы бәрімізді де толғандырады. Білектің емес, білімнің заманы туған тұста бүгінгі қоғамда сапалы білім алуға мүмкіндік көп. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, кәсіби мәдениеттілікті, терең білім мен ізденісті талап ететін дәуір десек, білім саласы қай кезде де қоғамның назарында. Қоғам әуелі отбасынан басталса, жалғасы-білім беруші мен араласатын ортасынан. Бала білімге деген алғашқы қадамын жасағанда оның алдынан шығатын қиындықтар көп. Сол кезде өзінің тәжірбиесімен бөлісіп, жол сілтейтін адам ол –мұғалім. Ата-анамыз бізге жүріп-тұруды, өз-өзіңді ұстауды үйретеді. Алайда үйде берген тәрбие жеткіліксіз. Ата-анамыздан кейін, бізге ақыл мен ар-ұятты бойымызға сіңіретін бірден бір адам- ұстаз. Мектепте ұстаз балаға жеке тұлға ретінде қарайды, соның арқасында бала бойында жауапкершілік пайда болады.

Бала жүрегі кішкентай күй сандық, сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұруы керек» деп Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай, бала бойындағы дарынды ашу кез келген адамның қолынан келмейтін іс, ол тек мұғалімнің ғана қолынан келеді деп ойлаймын. Ерасылдың алғашқы күй сандығын ашқан, қолына қалам ұстатып, әліппені үйреткен дана ұстаз- Әсия Данақұлқызы Ахметова. 1973 жылы 6-мамырда бұрынғы Алматы облысы Көксу ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Сол ауылдың білім ошағын жақсымен аяқтап, Талдықорған қаласындағы бұрынғы Ілияс Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетінің бастауыш мамандығына түсіп, аталмыш оқу орнында ойдағыдай аяқтайды. 2004 жылдан бастап, Ескелді ауданы Жастар негізгі орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарады. Осы уақыт аралығында жеті рет бастауыш сынып түлектерін шығарып, жеткен жетістіктері де аз емес. Баланың жақсысы- әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы. Қоғамның болашағы мен беделіне айқын жол ашар өскелең ұрпақ. Тал бесіктен басталар тәрбиенің тереңді меңзейтіні осында. Ата- ана өз баласын махаббатың нұрына бөлеп,қуанышына, бақытына бөлейді. «Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе»-деп бабымыз айтқандай баланы бесіктен, тіпті бала тәрбиесі туралы сөз ете қалғанда, алты айлық баласын тәрбиешіге әкелген ата-анаға «Сіз балаңызды 1,5 жыл тәрбиесін өткізіп алдыңыз, баланы іште тәрбиелеу керек» деген еврей халқынын мысалын келтіріп жатады. Баласының жақсы болғанын армандамайтын ата-ана жоқ. Тіпті баласының болашағы үшін отқа да,суға да түсетін ата-аналар бар. Бала тәрбиесі- қиында күрделі процесс. Біз баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғаның қалаймыз. Бірақ баламызды осы мақсаттарға тәрбиелеу үшін үлкен еңбек, күш –жігерді қажет етеді. Қажырлы қайратымен, асқан сабырлығымен маған Ерасылды Асыл әжесі әкелді. Ерасыл кіп-кішкентай, сүйкімді жігіт. Әжесі барлық қоғамдық жұмыстар мен жарыстардан да қалдырмай жүретін. Өзіде алғыр. Балалық арманы «Апамның аяғы ауырмаса екен» -деп отыратын. 

Бастауыш білім нәрімен сусындаған Ерасылды, ары қарай үлкен өмірдің қадамына жол тартқызған Гүлназ Серікқызы Жанымханова. Гүлназ Серікқызы 1971 жылы 9 –маусымда бұрынғы Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген. 1988 жылы Көксу ауданындағы Луначарский атындағы орта мектепті үздікпен бітіріп, Талдықорған қаласындағы бұрынғы Жетісу Мемлекеттік Ілияс Жансүгіров атындағы университетінің физика-математика пәнінің мұғалімі  мамандығына оқуға түсіп, оны да жақсымен аяқтайды. 1993 жылы алғашқы еңбек жолын Талдықорған қаласынан бастап, отбасын құрғаннан кейін Ескелді ауданы Жастар негізгі орта мектебінен жалғасын табады. Гүлназ Серікқызының да жеткен жетістіктері де аз емес. Мектеп, Аудан, Облыстық сайыстардан да жүлделі орындарға ие болған.

-Гүлназ Серікқызы, ұстаз болудың қасиеті қандай?

-Ең алдымен айта кетер жәйт, ұстаз болып туылу қажет. Демек, мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі, жан- дүниесі жайдарлы шуақты жан ғана адамның адамшылығын танытар жақсы ұстаз бола алады. Себебі, өзгеге ізгілік нәрін сеппес бұрын, өзі де нәрлі болуы тиіс қой. Сондықтан да, қазақтың біртуар азаматы Ахмет Байтұрсынов атамыз «Адамдық диқаншысы» деп ұстазды жайдан-жай атамаған. Өйткені, шәкірттің бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін абзал жан — ұстаз. Ол-мәңгі нұрдың қызметшісі. Жас шыбықтың тамыры терең, жапырағы жайқалып, жемісі мол болуы үшін үлкен еңбек қажет, оны бағбан ұзақ күтеді. Ұстаз да осы бағбан тәрізді. Оқу табалдырығын аттап келген күннен бүлдіршіндерді өзіне баурап алып, мейірімі мен шапағатын күн шуағындай төге жүріп, өз уақытын аямай шәкіртін бақытқа жеткізеді. Ол тек шәкіртін ғана емес, ұлтын, күллі адамзат баласын бақытқа жеткізу үшін еңбектенеді. Яғни ұстаз болу — білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы ғана емес.

— Ерасыл қандай еді?

— Ерасыл өте ақылды. Бастауышты бітіріп келгенде маған алғаш өзінің арманын айтты. Мен апамды асырау үшін дәнекерлеуші болсам, апамды асырай аламын ба?-деді. Мен таңырқап қарадым. Арманы асқақ баланың ойы тек, апасын асырау, денсаулығына күтім жасау болатын. Кейіннен есейе келе, сыныптастарымен бірге жүріп, ақыл тоқта та бастады. Бір күні сабақ үстінде, қасыма келіп…Апай ұшқыш болсам бола ма? Ұшқыш болу-өте қиын мамандық екенін білемін, бірақ бұл менің арманым. Әуеде қалықтап, ұшқан құстай самғау туралы ойласам, арман құшағына енемін.  Аспан әлемін зерттеп, алған білімдерімді қолдана білсем, менен бақытты жан болмас деп ойлаймын. Түрлі ұшақтардың фотоларын жинақтағанды жақсы көремін. Әрбір фотоны қарағанда өзімді сонау бір аспан әлемінде қалықтап жүргендей сезінемін.

Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай  тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру, шамшырағына айналу. Лев Толстой айтқандай- ақ: «Егер ұстаз тек өз мамандығын жақсы көрсе, ол жақсы ұстаз болады. Егер ұстаз тек оқушыларын жақсы көрсе, онда ол барлық кітапты оқып шыққан ұстаздан да үздік болады, бірақ жұмысқа қызығушылығы болмайды. Егер ұстаз жанында жұмыс пен оқушыға деген сүйіспеншілігі тоғысса, ол – нағыз ұстаз.»   Жаһандану дәуіріне қадам басып, әлемдік аренаға жол тартып, тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы — жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастау- бұлағы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім.  Ахмет Байтұрсыновтың өзі «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Білектің емес, білімнің күшімен ілгерілейтін жаңа заманда ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы ретінде бағалауға болады.  Бұл – мектеп мұғалімінің еңбегі елімізде жоғары құрметке ие екендігінің айғағы.

Араманы орындалған Ерасыл бүгінде Алматы қаласында оқуда. Оқу орнында озат, үлгілі шәкірт. Оқу орнының ұстаздары да Ерасыл білім алған Ескелді ауданы Жастар негізгі орта мектеп ұжымына да айтар алғыстары шексіз. Бастауыштан бастап, негізгі білім берген ұстаздары Ерасылдың негізін қалап берді. Өзгеге үлгі бола білген жігіт -«Мөлдіреген жанарымнан, қобалжуды сезген ұстазым қолымнан жетектеп партаға отырғызған сәті әлі есімде», дейді –Ерасыл. Алғаш жазуды, санауды үйреткен ұстазымның жылы жүзін ешқашан ұмытпаймын. Тоғыз  жыл бойы мені білім нәрімен сусындатып, оқуға деген қызығушылығымды оятқан ұстаздарыма, сол мектептің барлық ұжымдарына алғысым ұшан-теңіз. Мектеп ұжымына  дендеріне  саулық, отбасыларына амандық, білім беру жолдарына шығармашылық табыс тілеймін.

Арай Әділ