ТАЛДЫҚОРҒАНДА 5568 ЖЕР УЧАСКЕСІ ЗАҢСЫЗ ИГЕРІЛГЕН

Талдықорғанда бес жарым мыңнан астам жер учаскесі заңсыз игерілген. Аэроғарыштық зерттеулерге сәйкес, бұл жер телімдеріне жеке үй және кәсіпкерлік нысандар салынған. Алайда ешбірінің құжаты жоқ. Бүгінде жерді өз беттерінше иемденгендердің тізімі жасақталып, ескерту жіберілуде. Ескертуді елемеген жеке тұлғаларға 230 мың, жеке кәсіпкерге 306 мың, ал орташа кәсіп иесіне 500 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.
СНХ: Бекзат Тастанбаев «Азаматтарға арналған үкімет» МК АҚ Жетісу облыстық филиалы директорының орынбасары
Үш ай мерзімде Талдықорған қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну арқылы жерлерін заңдастыруға мүмкіндік бар. Жерлерін заңдастырмаса, штраф бөлімдері көрсетілген. Физ лицоға 75 МРП; Үлкен кәсіпкерлерге 700 МРП-дай штрафтар көрсетілген.
ОТВ: Мамандардың айтуынша, аталған жер учаскелерінің барлығы мемлекет меншігінде. Сондықтан хабарлама алған азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, тез арада құжаттарын рәсімдеуі қажет.

ТИТР: ЕРКЕБҰЛАН МӘДІБАЕВ — Жетісу облысындағы жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары
Ол жер кезінде бұл кісілерге бес жыл уақытқа уақытша мерзімге берілген мысалға айтатын болсақ. Уақыттың мерзімі өткеннен кейін сол жерді пайдаланып отырған адамдар, жер қатынастары бөліміне жүгіне отырып, қайтадан ұзартуға құқықтары бар.