Сессия өтті

Желтоқсанның 6-ы күні Ескелді аудандық мәслихатының кезекті қырық бірінші cессиясы өтті. Сессияға аудандық мәслихатқа сайланған  депутаттар, ауыл әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары, мекеме, ұжым басшылары  қатысты.

Күн тәртібінде қаралған мәселе: Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің Мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» №19 Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Елдос Тұрсынбайұлы Ахметов атқарған жұмыстары жөнінде мәслихат депутаттары алдындағы есебі тыңдалып, сессия соңында тиісті шешім қабылданып, «Қанағаттанарлық» деген баға берілді.

ЖШ Ақпарат