Әлемде қанша адам болса, соның бәрі білім нәрін ең алғаш кітаптан алғаны белгілі. Алтын қазынаға толы ғимарат ол әрине — кітапхана. Мыңдаған жазушы мен ақындардың, дарындылар мен ғұламалардың айтқан ақиқаттарын қағаз бетінде сақтау арқылы бүгінгі ұрпаққа небір ғажайыпқа толы аңыз-әңгімелер жетіп отыр.
Кітапханаға келген әрбір оқырман өзіне керекті ақпаратты оңай ала алады. Себебі ескі кітаптардың орынын қазіргі уақытта жаңа кітаптар күн сайын толықтыруда. Айтылмаған қаншама ақпараттар кітап бетіне түсуде. Әр баспадан шыққан ақын-жазушылардың кітаптары оқырман жүрегінен орын тауып, қолдан-қолға өтіп, қызығушылықты арттырып, оқылып жүр.
Бұл адамдардың біліктіліктері мен білімді екендігін көрсетеді. Жарқын болашақтың кепілі ол- білімді ұрпақ.
Инновацияның кезеңінде кітаптарды алып оқуға көптің уақыты жетпейді. Сол үшін де кітаптардың электронды түрлері де бар. Бұл кез келген жерде тыңдауға және оқуға өте ыңғайлы.
Сондықтан адамзатты дамытатын да, тәрбиелейтін де ол білім. Білімнің кілті – кітапта. Рухани қазынаны кітапханадан іздейік.
Ә. ҚҰСАЙНОВА,
Жастар негізгі мектептің кітапханашысы