Футзалдан Жетісу облысының чемпионаты өтті

Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылында дене шынықтыру, сауықтыру және спорт  кешенінде 2022 жылдың 2-3 желтоқсан күндері аралығында футбзалдан  Жетісу  облыстық  чемпионаты өтті. Доп додасына  Ескелді, Көксу, Кербұлақ, Сарқан, Қаратал аудандары және Текелі, Талдықорған  қалалар командалары жиылды.

Чемпионатқа 7 команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Топтық кезеңдегі ойынның өзі тартысқа толы болды. Әр ауданнан қатысқан командалар жеңіске жеткісі келді. Ауданымыздың спортшылары тартысты ойында топ жарып  II- орынға қол жеткізді. Бірінші орынға Талдықорған қаласынан келген команда иеленсе, Сарқан ауданынан келген команда қола жүлдегер атанды.

Еліміздің спорт саласына баса назар аударылып, дене шынықтырумен шұғылданатын азаматтарға барлық жағдай жасалып жатыр.

Қазір аймақ бойынша футзал жақсы қарқын алып келеді. Жыл сайын қатысушы команда санының артып келе жатқаның көру қуанышты жайт.

Аудан спорты жылдан-жылға дамып,  жоғары нәтиже көрсетіп келеміз. Спортшыларымыздың түрлі дәрежедегі жарыстарда биік белестерді бағындырып, жеңіске жетуі – бапкерлеріміздің, жаттықтырушыларымыздың маңдай терінің жемісі. Сондықтан спортшыларымыздың жұлдызын жағуға үлес қосып жүрген әріптестеріме,  ардагерлерімізге,  ауданымыздың, еліміздің намысын  қорғап  жүрген  спортшыларымызға, осы салаға өз үлесін қосып  жүрген  азаматтарға  тек жеңісті күндер тілейміз.

«Ескелді аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесі