Барлық облыс орталықтарында Қазақстан халқы Ассамблеясының лекторийлері өтті

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен барлық облыс орталықтарында бірыңғай күн форматында «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының қоғамдық келісім мен бірлік саласындағы рөлі» тақырыбында лекторийлер өтті.

Лекторийлер қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз етуде Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының рөлін арттыру және осы бағыттарды жандандыру мақсатында өткізілді. Жобаның лейтмотиві: «Әралуандықтағы бірлік», «Әртүрлі пікір – Бір ұлт» ұстанымдары және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы. Әр өңірде лекторлық топтар құрылды, олардың қатарында ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғамдық пікір жетекшілері, сарапшылар, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдардың өкілдері бар.
Іске асырылып жатқан міндеттер аясында бірігудің өзекті идеяларын ілгерілетуде ҚХА жетістіктерін өнегелі үлгі ретінде көрсету басты назарда болды. Республика бойынша жалпы қатысушылар саны – 2 000 жуық адам.

ҚР АҚДМ