Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы жобаны басқару комитетінің алғашқы отырысы өтті

«БҰҰ-әйелдер» құрылымы және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлескер жоба — 2022-2024 жылдарға арналған грант бойынша Жобаны басқару комитетінің алғашқы отырысы өтті. Оған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысты.
Жобаны басқару комитеті жоғары деңгейдегі стратегиялық көшбасшылықты және жұмыс жоспарларын қадағалау мақсатында құрылды.
Отырыста Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының өкілі Мария Доценко, ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан бойынша басқарушысы Магнус Магнуссон, ЮНФПА-ның Қазақстандағы үйлестірушісі Серік Тәңірбергенов, т.б. болды.
Бұған қоса, кездесуде Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара стратегиялық әріптестіктің маңызын талқыланды.
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күнге орай елімізде республикалық ақпараттық акция басталған еді. Акция 16 күн бойы жалғасады.

ҚР АҚДМ