Тең мүмкіндікті болашақ

22.11.2022ж. Ескелді аудандық «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігі «АMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының конференциялық залында «Тең мүмкіндікті болашақ» тақырыбы аясында семинар өткізді. Мақсаттық аудиториясы: Ментальды, жеңіл, орташа, ауыр және терең ақыл-ой кемістігі бар мүгедектігі бар адамдардың ата-аналары мен қамқоршылары. Семинар барысында Ескелді аудандық «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ұзақбаев Ахат Сатыбалдыұлының, Ескелді аудандық «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің күндізгі орталығының меңгерушісінің және Ескелді аудандық «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің заңгерінің баяндамалары тыңдалды.

Семинар барысында ата аналар мен қамқоршылар: ментальды,  ақыл-ой кемістігі бар мүгедектігі бар  адамдардың жұмыс істеп,  еңбек ету мәселесін басты назарға алуларын өтінді.

Күндізгі орталық алғаш ашылып, жұмысын бастаған кезде Ескелді аудандық «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігі мемлекеттік сатып алу порталы арқылы атқарылған жұмыстарға күндізгі орталықтың қызмет алушыларын еңбекке баулу мақсатында тігін цехінің, жиһаз цехінің, типография цехінің көгалдандыру жұмыстарына үйреткендері үшін  шексіз риза болғандықтарын жеткізді. Алайда, мемлекеттік сатып алу порталына көптеген шектеулер мен өзгертулер енгізіліп, жұмыстар тоқтап, Ескелді аудандық «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігі мемлекеттік сатып алу бойынша белсенділігі төмендеп, тиісінше күндізгі орталықтың қызмет алушылары да үйренген жұмыстарынан шеттетіліп қалды. Осыған байланысты ментальды, жеңіл, орташа, ауыр және терең ақыл-ой кемістігі бар мүгедектігі бар адамдардың ата-аналары мен қамқоршылары жоғарыда аталған жұмыстарды тоқтатпай ары қарай жалғастыру үшін жергілікті биліктен атсалысуларын өтінді.

Сонымен қатар, үкімет тарапынан ментальды, жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарға санаторлы-курорттық ем қабылдау құқығы берілмегендігіне наразылықтарын білдірді.

Тағы бір өзекті мәселе ретінде, Ескелді аудандық «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің күндізгі орталығының ментальды, ақыл-ой кемістігі бар мүгедектігі бар ауданымыздың басқа ауыл аймақтарында тұратын қызмет алушылары орталыққа қауіпсіз, кедергісіз келіп кету мақсатында қолданылатын, күндізгі орталыққа жеке көліктің бөлінгендігін сұрайтындарын мәлімдеді.

Қорытынды бөлімінде ментальды, орташа, ауыр және терең ақыл-ой кемістігі бар мүгедектігі бар адамдардың ата-аналары мен қамқоршылардың  аталған мәселелері мен басқа да сұрақтары мен ұсыныстары талқыланып, өз тараптарынан Ескелді аудандық “Демеу” мүгедектер қоғамдық бірлестігіне үлкен үміт артатындарын жеткізіп, атқарып жүрген жұмыстарына алғыс білдірумен аяқталды.

Ардақ Мухтарова,

Ескелді аудандық «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің заңгері