Заң жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 25 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 21-тармағын іске асыру үшін әзірленді.
Заң жобасында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамытуға бағытталған мынадай ұсыныстарды қамтитын өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады:
аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) салықтар мен төлемдердің кейбір түрлерін бюджеттің IV деңгейіне беру (су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы, заңды тұлғалардың мүлік салығының
50% — ы);
жергілікті қоғамдастықтың қазіргі жиналысын жергілікті өзін – өзі басқару органы — кеңес, деп етіп қайта құру;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының ақылы жұмыстар мен қызметтер көрсету;
мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту (әкімдіктердің әкімнің халықпен есептік кездесуінде көтерілген проблемаларды шешуіне мониторинг жүргізу; депутаттардың әкімдіктің бюджеттік комиссияларының жұмысына қатысуы; қажеттілігіне қарай бюджетті нақтылауға бастамашылық ету құқығын беру);
мемлекеттік сатып алу тәсілдерін және оларды өткізу мерзімдерін қысқарту;
тексеру комиссияларының қызметін күшейту;
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншік базасын кеңейту.
Заң жобасын қабылдау оң әлеуметтік-экономикалық салдарға алып келеді, оларға мыналар жатады:
аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің кіріс базасын кеңейту;
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктері мен функцияларын кеңейту;
мәслихат депутаттарының мәртебесін арттыру;
аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңайлату;
мәслихат депутаттарының құзыретін кеңейту;
Тұтастай алғанда, заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесетін болады.
Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Ә. Қуантыров