Мемлекеттік қызмет көрсету

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыста E-ZHETYSU.KZ порталы іске қосылды.  Портал арқылы мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезекке қоюды жеделдетуге мүмкіндік бар.Қазіргі таңда балабақшаға балаларды орналастыру мәселесі қарастырылған.

Облысымыздағы барлық аудан, қалалар мен елді мекендерде балабақшалар жұмыс істеп тұр. Кез келген ата-ана балабақша кезегі туралы барлық мәліметті аталмыш портал арқылы анықтай алады. Ол үшін заманауи техника құралының тілін біліп, өз кілтін сайтқа жүктесе жетіп жатыр. Балабақшамызда 2019 жылдың тамыз айынан бастап балаларды балабақшаға E-ZHETYSU.KZ электронды сайты арқылы қабылдаудамыз.

Бұл сайт арқылы ата-ана сыртқа шықпай, үйде отырып компьютер немесе ноутбук арқылы өзінің электронды қолтаңбасын қолдана отырып баласын балабақшаға кезекке қояды және баланың кезегі келген жағдайда балабақшаны таңдап тіркей алады. Тізімде тұрған балабақшаны ата -аналар өз еркімен таңдау жасалады, 24 сағат ішінде жолдама шығарылады.

Сол жолдаманы балабақшаға әкеліп тапсырады, балабақшаға қабылдауыңызды сұраймын деген өтініш жазылады. Балабақша әкімшілігі келген ата – ананың жолдамасын алып, баланың керек құжаттарының тізімі беріледі, денсаулығына байланысты анықтаманы балабақша медбикесі қабылдап,тексеріп алынады.

Биылғы  2022-2023 оқу жылы аралығында балабақшамыздан 35 тәрбиеленуші түлектер мектепке барды, орнына E-ZHETYSU.KZ  электорнды сайты арқылы балалар қабылданды.

 Гульнура Нусипова,

«Айкүн» балалар бақшасы