МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Қазіргі уақыт талабы – білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру. Жеке тұлға

дегеніміз – адамның психикалық рухани мәдениеті. Тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлығымен көрінеді.Сол себепті тәрбиеші балаларға шығармашылық іс-әрекет дағдыларын меңгерте отырып, әр баланың зерттеу қабілеттерінің жеке дара екенін ұмытпауы керек.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда  зерттеу аркылы окыту баладардың танымдық кабілеттерін дамытуға ең тиімді технология. Кішкентай балалардың бір нәрсені зерттеуге деген талпынысы биологиялык құбылыс. Үнемі бір нәрсені зерттеуге деген талыпыныс бала мінезіне тән қасиет. Ол өзін қоршаған ортаны үнемі танып білгісі келеді. Осы баланың танымдық қабілетін ашуда мен өз іс -тәжірибемде ойын арқылы  оқыта отырып  танымдық кабілеттерін дамытуға ең тиімді зертеу  технологиясын қолданудамын.

Зерттеулер балаға «қалай?» және «неге?» деген сұрақтарға өзі жауап

табуына мүмкіндік береді. Балалар үнемі және барлық жерде табиғатпен байланыста болады. Жасыл ормандар мен шабындықтар, ашық түсті гүлдер, көбелектер,қоңыздар, құстар, аңдар, бұлттар, қар ұлпалары, ағып жатқан бұлақтар,жаңбырдан кейінгі шалшық су – осының барлығы балалардың назарын аударады, оларды қуантады, олардың дамуына ықпалын тигізеді. Балалар қардың неге жауатынын, өсімдіктердің гүлдейтінін, күн мен түннің ауысуын және т.б. білгілері келеді.

Сол себепті мен алдын ала балаларды таныстыратын нысанды таңдаймын, балалар өзіне бейтаныс заттарды зертеу барысында  эксперимент

жүргізу техникасын меңгереді. Мен  тәжірибенің мақсатын немесе міндетін

балаларға өздері не істейтіндерін анықтайтындай етіп хабарлаймын, ойлануға

уақыт беремін, содан кейін балаларды эксперименттің барысын

талқылауға  кіріседі. Тәжірибелерді өткізу кезінде бала тек бақылап қоймай, бәрін өзі жасауы тиіс, сонда алған білімдері ұзақ уақыт бойы есте сақталады.

Мысалы, ауамен эксперимент жүргізуді ұйымдастыру алдында балаларға

мынадай сұрақтар қоюға болады: «Ауаны ұстауға бола ма?», «Ауаның иісі бар ма?», «Ауаны өлшей аламыз ба?» және т. б.

Құммен эксперимент жүргізу

Мақсаты: Балаларды өлі табиғат әлемін тануға үйрету. Құмның

қасиеттерімен таныстыру,  зейінін шоғырландырып, дәйекті түрде

қарастыруды, құмның  елеусіз белгілерін байқай білуді, салыстыру, талдау,

жалпылау қабілеттерін дамыту. «Дымқыл құмның қасиеттері», «Құмды боран»,  «Құмнан мүсін жасау» және т. б.

Сумен эксперимент жүргізу

Мақсаты: балалардың адам өміріндегі судың маңызы туралы білімдерін

қалыптастыру; судың қасиеттерімен таныстыру: мөлдір,түссіз; табиғаттағы су айналымы, ауыз су көздері туралы білім беру.

Тәжірибелік – эксперименттік жұмыс тақырыптарының үлгісі: «Су қайдан

алынады?», «Су қандай күйде болады?», «Неліктен судың тұрақты пішіні

жоқ?», «Судың физикалық қасиеттерін анықтау: дәмі, түсі, иісі», «Қағазды

сумен желімдеуге бола ма?», «Судың көлемін өлшеу», «Түрлі түсті мұздарды

дайындау», «Судың буға айналуы» және т. б.

Тәжірибе жүргізу нәтижесінде балаларда салыстыру, қорытынды жасау,пікірлерін айту және ой қорытындысын жасау қабілеті дамиды.

Мен баланың барлық мүмкіншілігін, белсенділігін көрсетуге жол ашып, алынған білімі мен біліктілігін дұрыс колдана білуге үйретуді басты назарға аламын, берген материалдың ең түйінді негізін, кұндылығын, өз бетінше қорытынды жасай білуге, зерттеушілікке, арманшылыққа баулу үшін түрлі әдіс-тәсілдер колданудамын. Бұндағы менің алдыға қойған мақсатым, коғамдық ортада өз ойын еркін де толык, жеткізе білетін, бесекеге кабілетімен кұзыретті, шығармашыл, кез келген іс-әрекетке жан-жакты көзқараспен карайтын, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Жайнагуль Алтынбекова,

«Айкүн» балалар бақшасының тәрбиешісі