«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-тарауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін — өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 12-3)-тармақшасын, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 84, 85, 86-баптарын, «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының 2022 жылғы 03 қарашадағы хатын басшылыққа ала отырып, Ескелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Текелі» шекара бөліміне қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін, жер пайдаланушы Қазанғап Әділбай Сыязбайұлына шаруа қожалығын жүргізу үшін, уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен Қаратал ауылдық округінен берілген (кадастрлық нөмірі 03-264-084-501) алаңы 790,58 га жайылымдық жер учаскесінен алып қоюға жататын көлемі 300 га жайылымдық жер учаскесінің мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.
2. Мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын жер учаскесінің меншік иесі көрсетілген қаулымен келіспеген жағдайда, мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі хабарлама алған кезден бастап үш ай өткеннен кейін, жер учаскесінің мәжбүрлеп шығарудың күні 2023 жылдың 30-наурызына дейін деп айқындалсын.
3. Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың келісім рәсімдерін жүзеге асыру меншік иесінің жүгінетін орыны «Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекен жайы: Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Сәтпаев көшесі, №65 ғимарат, 3 қабат, 20 бөлме. Байланыс телефоны 3-17-68.
5. «Ескелді ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
6. «Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей, меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама таратсын.
7. «Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мен «Ескелді ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне:
1) мемлекет мұқтажына түсетін жер учаскелерге 2 ай мерзімі ішінде қанша қаражат қажет ететінін анықтасын;
2) меншік иелері немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылар хабарлама алғаннан кейін Ескелді аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясында қарау мен келісу үшін жер учаскесін сатып алу шарттарының жобаларын ұсынуға материалдарды дайындасын;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған өзге де өкілеттіктер жүзеге асырылсын.
8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Исабековке жүктелсін.
Ескелді ауданының әкімі Е. Ахметов