Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы № 253 сайлау учаскесінде ауданның білім саласында енбек сінірген Руга Тамара Георгиовна бүгінгі саяси оқиғада көпшілікпен бірге дауыс берді.
-Жаңа Қазақстанды құрамыз дегенді естіп жатырмыз. — Меніңше, «Жаңа Қазақстан» идеясының негізгі бағыттарында қоғам дамуының бүгіні, ертеңгі болашағы көрініс табуы тиіс. – бұл шын мәнінде әділ Қазақстан. Ешкім тыс қалмай өз дауысын берсе, атсалысқаны сол болады. Еліміз тыныш, бала-шағамыз аман болып, Қазақстанымыз көркейе берсін, — деді әжеміз.
Жастарға үлгі көрсетіп, дауыс берген әжеге Ескелді аудандық ардагерлер кеңесі тарапынан сый-сияпат жасалды.