Құрметті жерлестер!

20.11.2022 жылы өтетін кезектен тыс президент сайлауы ел болашағы үшін өзгерістер есігі болмақ.
Қазақстан Республикасының әр азаматы жауапкершілік танытып, сайлауға қатысуы керек. Сонда
ғана әділ сайлауға қол жеткізіп, Жаңа Қазақстанды бірге құратын боламыз. Сайлау-өзгерістер мен
реформалардың бастауы болмақ. Бұл біздің жарқын болашағымызға жасаған нақты қадамымыз.
Еліміздің экономикасының өсуі, жаңаша дамуы,елге бақыт сыйлайтын мемлекеттің қалыптасуы
осы айтулы күнмен тікелей байланысты. Сондықтан өзіміз үшін, ұрпағымыздың болашағы үшін,
саяси маңызы зор шараға бір кісідей қатысып, лайықты таңдау жасайық.

Салтанат Құмархан, ақын-жазушы