Ортсайлауком мүшелерінің ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының мүшелерімен кездесуі өтті

16 қарашада Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Басшысы Уршула Гацекпен кездесті. 

Кездесуге ОСК аппаратының мүшелері мен қызметкерлері, сондай-ақ ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының мүшелері қатысты. 

Ортсайлауком Төрағасы Миссия мүшелеріне Президенттікке кандидаттарды тіркеу қорытындыларын ұсынды, сайлау науқанының ағымдағы кезеңімен таныстырды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға халықаралық байқаушыларды аккредиттеу қорытындылары туралы хабардар етті. 

Өз сөзінде Нұрлан Әбдіров ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы мүшелерінің назарын «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның жекелеген нормаларын қолданысқа енгізу мерзімдеріне аударды. 

Сондай-ақ, кездесу аясында Нұрлан Әбдіров референдумды бағалау бойынша ДИАҚБ Миссиясының қорытынды есебі үшін және Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын байқау бойынша ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының аралық есебімен танысуға мүмкіндік бергені үшін Миссия мүшелеріне алғысын білдірді. Сонымен қатар ҚР Президентін сайлау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының қорытынды есебін дайындау кезінде ОСК-ның аралық есепке түсініктемелерін ескеру туралы өтініш білдірді. 

Кездесу аясында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының мүшелері Орталық сайлау комиссиясының мүшелеріне сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды. 

Кездесу соңында Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының отырыстарына, диалог алаңдары мен оқыту іс-шараларына қатысқаны үшін ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясына алғысын білдірді.