БАЯНЖҮРЕК ЖАЗУЛАРЫ

Баянжүрек баурайындағы жартастарда түрлі суреттер бейнеленген. Олардың мазмұны да, сипаты да әр түрлі. Суреттер қола дәуіріне жататын археологиялық мәдениет кешені ретінде тарихымызға жазылған.

«Баянжүрек суреттері» деп ғылымға жазылған бұл ескерткіштердің мазмұны, тарихы сонау ерте замандардан басталады екен. Кәрі тарихтан жеткен деректерге сүйенсек, сонау есте жоқ ескі замандарда бұл жерде сақ, ғұн, қимақ тайпалары өмір сүріпті. Қола дәуірінен бері жеткен ескерткіштерді ғалымдарымыз біздің заманымызға дейінгі төртінші мыңжылдықтың аяғы мен біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтардың басына жатады деп бөлген екен. Баянжүрек жартастарындағы петроглиф жазу сол сақ, ғұн, сармат тайпаларының өмір сүру мәдениеті, атқа міну, ат үйрету және тұрмыс тіршілігі бейнеленген суреттерімен ерекшеленеді.

Жартастағы суреттердің басым бөлігінде салт атты сарбаздар бейнеленген. Ежелгі түркі дәуірін сипаттайтын бұл ескерткіштер ЮНЕСКО – ның мәдениет картасына енген.