Ағымдағы жылдың 10 қараша күні Әдеп кодексінің нормаларын бұзудың алдын алу мақсатында Департамент басшысының орынбасары Ж.С. Андабеков Жетісу облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының мемлекеттік қызметшілерімен және бағынысты мекемелерінің басшылары арасында кеңес өткізді.
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді, сондай-ақ профилактикалық жұмыстарды арттыру, өңірдің мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын бұзуына жол бермеу, жаңа редакциядағы Әдеп кодексінің негізгі талаптары мен жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стильге сай болу, қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік талаптарын ұстану, халық тарапынан сынның алдын алу мақсатында, мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемелеріне қатысуы және құмар ойындарға қатысу фактілерін болдырмау жөнінде тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар Департаменттің бастамасымен Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі салық декларациясын тапсыруға қатысты түсіндірме жұмысын жүргізді.
Кездесу қорытындысы бойынша заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау бойынша ұсыныстар берілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Жетісу облысы бойынша департаменті.