Мектепке дейінгі білім беруде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану тиімділігі

«Жас ұрпақтан біз күшті адамдарды жасауымыз керек,

ал күшті адамдар деп біз дербес  әрі ерікті адамдарды айтамыз»

Мектеп жасына дейінгі балаларды жалпыға міндетті біліммен және тәрбиемен қамтамассыз ету өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымның негізгі мақсаты мен міндеті қазіргі заманғы қоғамның талаптарына сай жан-жақты дамыған ұлттық сезімі бар азаматты тәрбиелеу.

Балабақшада жаңа технологияларды пайдаланудың басты мақсаты оқыту мен тәрбиелеуге инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу. Саналы білім беруде жаңа көзқарастар пайда болды және біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктеп отыр. Осы міндеттердің бірі білім берудің әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, жетілдіріп отыру және инновациялық білім технологиясын меңгеру.Жаңа технология бойынша білімді үнемі бүгінгі жас ұрпақ тәрбиелеушілерге меңгертіп отырсақ, балалардың жаңаша көзқарас дамиды.Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар; тәй-тәй технологиясы,монтессори технологиясы,дамыта оқыту технологиясы т.б технологиялар. Қазіргі таңда білімді ұрпақ келешек кепілі демекші, міне жаңа технологияның тиімділігі баланың жан жақты құзыреттілігін дамытып, жан жақты біліммен қаруланған ұрпақ тәрбиелейді.Әрбір технологияның өзіндік ерекшелігі бар. Жаңа технологиялар бала бойына білімге әуестік білімге құмарлыққа баулуы тиіс. Ендеше баланың ойлау қабілетін жан- жақты дамытумен шығармашылық ізденіс дағдыларын үйренейік, үйретейік. Өйткені оқыту технологиясы педогогикалық үрдістің сапасын жетілдіруді талап етеді.Адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын адамдардың ең басты шаттығы болып саналатын баланың өсіп,өмір сүретін орны. Әр баланың қабылдауы әртүрлі болғандықтан оқу қызметтері кезінде тәрбиеші жаңа технологиялардың түрлерін пайдаланған жөн. Қазіргі таңда балабақшамызда Монтессори технологиясына көптен көңіл бөлінуде. Монтессори технологиясын қолдану арқылы балалардың қол моторикасын дамытып, өз беттерінше жұмыстар атқарып, қиыншылықтарды  жеңе білуге, еркін ойлауға тәрбиелейміз. Кез-келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педогогикалық шеберлікті бала дүниетанымын терең танытып, ұғына білуді мақсат етеді. Жаңа технологияның әдіс тәсілдерін тиімді пайдалану және оны ұйымдастыруға ақпарат құралдары да талапқа сай болуы қажет.  Жаңа технологиялардың педогогикалық негізгі қағидалары;  бала ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың өз бетімен әдістерін меңгерту, баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту, әр баланың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу, баланың оқу үрдісін сезіну. Жаңа заман баласы ертеңгі – еліміздің болашағы. Келешек ұрпақтың еркін дамуына ,жан-жақты білім алуына, белсендң шығармашыл болуына жағдай жасау –қазіргі таңдағы әрбәр педогогтың міндеті. Қорытындылай келе, бала өміріне немқұрайлы қарамай ,балаға қазіргі заман талабына сай мағыналы білім берсек қана, біздің бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын болмақ.

Байгалий Март

«Айгөлек» бөбекжай-бақшасының әдіскері