«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
«Мен әлемді кітаппен ашамын»
тақырыбында кітапхана оқырмандарына кеңес

Мәдениеттің мәйегі – кітап

Шерхан Мұртаза

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын.

Мектебімізде “Кітап оқимыз біз күнде” мектепішілік жоспар құрылды. Мақсаты: кітап оқуды насихаттау және оқуға шақыру. Кітап оқуға деген құштарлықтары мен қызығушылықтарын арттыру болып табылады.Әрбір оқыған кітабыңыз  жаңа білім береді.

Кітап-шексіз бір әлем деп білем,

Сол әлемнен қалай менде, шет жүрем.

Үлкен —  кіші бөлінбейді, жасқа да,

Рухани байлығыңды тастама.

Әр адамның өз әлемі бар. Ойлауы, ізденуі  әр түрлі. Оқу арқылы кітап      әлеміне жолдама  алған болсаңыз, тереңде жатқан қиялымызды, өнерімізді, жарыққа шығара алғанымыз. Білімнің шыңына шығу  үшін, іздену мен оқу, рухани байлықтың тереңдеуіне тамыр жаюына септігін тигізеді.

“Бәрін білемін деген адамнан қорық” – деген ұлы Абай атамыз. Кітаптағы шығармалар мен кейіпкерлерді жан бітіре суреттейтін де, келесі адамға әдемі бояумен жеткізетін де — адам.

Ауқымды қарайтын болсақ, ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді —  деген жақсы сөз бар. Әлем  сөзін естігенде мейірімділік, жанға жылу сыйлай білетін, ана әлемі көз алдымызға жарық әкелгендей әдемі әсер  беретіні сөзсіз.

Кітаптың өзін сол әлемнің нұсқасы ретінде қарайтын болсақ, ой – сана арқылы тербейді. Керегін  алған адам әлемді тани бастайды. Міндетті түрде әлем аралап  аяқтан тозу емес, кітап арқылы да әлемді тануға болады.  Көзқарасын және өзін өзгертеді.

Кітапты кеңістік әлеміне қойғым келеді. Себебі, ешқашан тозбайтын, болашағы барма деген сұрақты қабылдамайтын,  қоғамнан шет қалмайтын кітап шексіздік әлемі.

Қаншама ақын жазушылардың еңбегі, даналық сөзі мен дара жолы осы әлемде өмір сүруде.

Кітапханаға қадам басып келген әр оқырманның  түйетін ойы әр түрлі. Өзі қызыға қарайтын болса, әр кітаптан  қызығушылық таба алады. Ой мен сана биігінде кітап таршылық көрсетпейді. Түйіндей келе, ынта — жігерді айналадағылардан емес, кітаптан нәр ала отырып, өзімізден іздейік.

Айжан Ермуханбетова,

Қоңыр орта мектебінің кітапханашысы